Қаржыға кіріспе

Сипаттама: Курстың мәні елдің қаржы жүйесі, мемлекет пен қоғам мүддесінде ЖІӨ бөлу тәртібі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: мемлекет қаржысы, кәсіпорын қаржысы және халық қаржысы. Нәтижесінде, студенттер қаржы жүйесінің әртүрлі буындарында қалыптасатын қаржы ресурстары мен ақша қорларының құрамы мен құрылымын, жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды бөлу мен пайдаланудың тәртібі мен ерекшеліктерін білетін болады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік - экономикалық үдерістегі орнын игеруде студенттердің теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз етуі.
Міндет
  • 1. Қаржының табиғатын, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмінің мүмкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қолдаудың әдістерін түсінуге жету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер студенттерге: - қаржылардың, жалпы алғанда қаржылық жүйенің теориясы бойынша тиісті білім беру; - қаржылық сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту; - қаржы жүйесінің болашақ мамандарына мүмкін болатын қаржылық жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Пәнді оқу нәтижесінде студент: - қаржыладың қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі қаржылық жүйені, оның құрылымын ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді; - өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, қаржы саласында практикалық дағдыларды меңгереді; - қаржы түсінігінің, қаржыларды басқаруа, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу негіздерінің, қаржылық жүйе түсінігінің, мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, үй шаруашылығы қатынастарының негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді; - теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, қаржы жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді; - «Қаржы» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы қаржылық саясатты, шаруашылық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі; - қаржы жүйесінің экономикалық категорияларының негіздері туралы, сонымен қатар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметтері және қаржылық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады; - өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, қаржы саласында ерекше арнайы білім алады
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Курсты меңгеру барысында экономика мен қаржыларда нарықтык негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық праткиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан нарықтік қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтік экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми- практикалық іс шараларға баяндамалар даярлап, қатысуын қарастырады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Аталған курс студенттерді кәсіптік қызметтерімен байланысты іскерлік этика нормаларын қадағалауды; дәстүрге, қоғамдық нормаларға, қоғадық пікірлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды; кәсіптік қызметінде – командада жұмыс істеу қабілеттілігін, өзінің көзқарасын дұрыс дәлелдей білуін, жаңа шешімдерді ұсына білуін; тіл табыса білуін, ұжымның пікірімен санаса білуін, әр түрлі ситуацияларда, әр түрлі жағдайларда мобильді және икемді болуыу қабілеттіліктерінің болуына тәрбиелейді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру, алған білімін кәсіптік қызметінде пайдалануға шұғыл бейімдеу қабілеттілігі, ресурстарды қалыптастыру және бөлу кезінде тиімді қаржылық шешімдерді таба білуі, жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1. Қаржының негіздері 2. Қаржыны басқаруды ұйымдастыру жүйесі 3. Мемлекеттік қаржы 4. Салық және салық жүйесі 5. Бюджеттен тыс қорлар және олардың арналымы 6. Мемлекеттің ақша-несие саясаты. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 7. Қаржы нарығы және делдалдары 8. Екінші деңгейлі банктер және парабанктік институттар 9. Сақтандыру және сақтандыру нарығы 10. Халықаралық қаржы 11. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және оларды қаржыландыру көздері 12. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары 13. Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы 14. Халықтың өмір сүру деңгейінің мемлекетік индикаторы
Негізгі әдебиет
  • Бюджетный Кодекс РК от 4 декабря 2008 года № 95-IV
  • Бонди Э., Мертон Р. Финансы.: Пер. Ас англ. – М.: Издательский до «Вильямс»,2004-592 с.
  • Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник для вузов. – Алматы: Издательство «Экономика», 2011
  • Кулпыбаев С.К., Мельников В. Д. Каржы. Учебник для вузов. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2009