Оқу практикасы

Сипаттама: Білім алушыларды жоғары оқу орынының қызметінің бағыттарымен таныстыру, жоғары оқу орынының іске асырылған білім беру бағдарламаларымен, оқылған мамандығымен, болашақ кәсіби қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен таныстыру.

Кредиттер саны: 2

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларды жоғары оқу орынының қызметінің бағыттарымен таныстыру, жоғары оқу орынының іске асырылған білім беру бағдарламаларымен, оқылған мамандығымен, болашақ кәсіби қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен таныстыру.
Міндет
  • Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу керек: 1) оқу үдерісінде алынған теориялық білімді тереңдету; 2) алынған білімді, қабілетті, дағдыларды іс жүзінде бекіту; 3) материалдарды жинап, оларды талдай білуді үйрену; 4) ақпараттарды жинау тәсілдері мен олардың бағытын анықтау дағдысын бекіту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • әрбір студенттің болашақ мамандығы бойынша алғашқы кәсіптік бағдар беру және де бастапқы дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын біледі, әр түрлі әлеуметтік жағдайларға бейімделе біледі
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қазіргі заманғы ақпараттық ағымдарға ілесу және жаһандық экономикадағы қарқынды өзгеретін құбылыстар мен процестерге бейімделуді біледі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • іскерлік этика нормаларын сақтайды, этикалық-құқықтық мінез-құлық нормалары бар, қоғамдық пікірге, дәстүрге, әдет-ғұрыптарға, әлеуметтік нормаларға негізделген әлеуметтік және этикалық құндылықтарды біледі және олардың кәсіби қызметінде басшылыққа алады
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қазіргі заманғы ұйымдастырушылық және есептеу техникасын өңдеу дағдыларын меңгереді, кәсіби қызметтің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана алады
Негізгі әдебиет
  • 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне арналған типтік қағидалар 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт 3. «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен жүргізу және ұйымдарды тәжірибе негізі ретінде айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы 4. 5В050700-Менеджмент, 5В051100-Маркетинг мамандықтары бойынша кәсіптік (оқу) тәжірибе бағдарламасы