Салық және салық салу

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерге қазіргі салық жүйесінің теориялық және әдіснамалық негіздері туралы экономикан мемлекеттік реттеудің тиімді әдісі, елдегі салықтың функциялары мен түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы білім жинағын қалыптастыруға мүмкіндік береді, салықтың негізгі түрлерін есептеудің практикалық дағдыларын меңгереді, салық есептілігін толтырады

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту. Салық салудың практикасын терең қарастыру мен қатар, нақты салық түрлерінің практикалық есептеуін жетіп үйрену, салық заңдарын жан-жақты оқып–үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін оқып-білу. Қазақстан Республикасының салық заңдылығының негізгі концепцияларын кешенді оқыту.
Міндет
  • Пәнді оқыту барысында студенттер алдына келесідей міндеттер қойылады: - негізгі салықтық-қаржылық категориялары мазмұнын оқу, тану; - салықтық жүйені ұйымдастыратын қағидалармен, құрлымымен, құрамымен танысу; - салықтың функцияларын, кеңейтілген ұдайы өндірісте олардың ролін, мемлекеттің қаржы және экономикалық саясатында қаржылық қатынастардың орындалуын және олардың қаржы механизімі арқылы өткізілуін қарастыру; - қаржы аумағындағы салықтардың қазіргі проблемаларды талдай білу және оларды шешу бағыттарын табу; - қаржылық жұмыс тәжірибесінде оларды қолдану үшін білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Оқу нәтижесі кезінде студент білуі керек: мемелекеттің салық саясатының мәнін, негізгі салықтардың ерекшеліктері және экономикалық мазмұнын, салықтарды есептеу әдістемесін; салықтарды есептеу дағдысын алуы керек; салықтардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, аргуметтерді құрастыра білуі және мәселелерді шеше білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Аталған пәнді меңгеру: студенттердің теориялық және практикалық дайындығын, яғни категорияларды, ұғымдарды, терминдерді, олардың жіктемесін, әлеуметтік – экономикалық үдерістердегі орны мен мәнін меңгеруді қамтамасыз етеді. Салық қызметінің ерекшелігін білу тек қана қаржы жүйесінің білікті мамандарын даярлауда ғана емес сол сияқты экономика салаларына білікті мамандарын даярлауда өзекті болып табылады. Нарықтық экономика мамандар даярлау және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді қолданады. Мамандарды даярлау үрдісі қойылған талаптарға және нарық заңына сәйкес, пән бойынша олардың білім алуын көздейді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әлемдік экономика үдерістеріне және салық заңнамасындағы үнемі болып отыратын өзгерістерді есепке ала отырып, болып отыратын құбылыстарға жылдам бейімделу. Салық салуды үйлестіру мақсатында салықтық іс-әрекеттердің әр түрлі инструменттерін қолдану дағдысын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үйрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері

1) проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; Жоба әдісі бойынша оқытуды ұйымдастыру оқытушының алдына барлық білім алушыларды проблемалық жағдайға және әрбір сабаққа тартуды қамтамасыз ету міндетін қояды. Яғни, құрылымдалған және жүйеленген түрде проблемалық жағдайды шешу үшін ақпарат бере отырып, сабақ мазмұнының проблемалық-бағытталған сценарийін құру міндеті. 2) кейстер әдісі (жағдайды талдау); Кейс-технология білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, шағын топтарда күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырады, мамандарға күтпеген жағдайларды талдау қабілеттерін табысты меңгеруге, шешім қабылдау алгоритмдерін өз бетінше әзірлеуге көмектеседі. 3) ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту нәтижесіне қол жеткізу мақсатында студент пен оқытушы арасындағы оңтайлы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 4) коммуникативтік технологиялар (дискуссия, ми шабуылы қойылған мәселелерді шешу үшін шығармашылық, ұжымдық жұмыс формасы ретінде).

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Оқу әдебиетімен жұмыс 0-100
Презентацияны дайындау және қорғау, есептер шығару
Жек тапсырманы орындау және қорғау, есептер шығару
Өткен тақырыптар бойынша коллоквиум
2  рейтинг Жек тапсырманы орындау және қорғау, есептер шығару 0-100
Презентацияны дайындау және қорғау, есептер шығару
Өткен тақырыптар бойынша сұрақөжауап, тестілеуден өту
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Салық түсінігі және олардың әлеуметтік – экономикалық негізі
  • Жер салығы
  • Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы
  • Көлік құралдары салығы
  • Жеке табыс салығы
  • Әлеуметтік салық
  • Акциздер
  • Ойын бизнесіне салынатын
  • Қосылған құнға салынатын салық
  • Корпорациялық табыс салығы
  • Арнаулы салық режимі
  • Кеден төлемдері, алымдар, төлемақылар
  • Салықтық бақылау және салықтық әкімшілендірудің нысандары
Негізгі әдебиет
  • 1 Кодекс Республики Казахстан. О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс). (с изменениями и дополнениями по состоянию на 24.06.2021 г.). http://online.zakon.kz 2 Бюджетный кодекс Республики Казахстан (с изменениями и дополнениями по состоянию на 12.10.2021 г.). http://online.zakon.kz 3. Нурумов А., Бекболсынова А., Ермекбаева Б., Арзаева М., : Налоги и налогообложение, Учебник. – Астана: Фолиант, 2018. – 736с. 4 Бекбосынова А. Налоги и налогообложение. Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2014. – 5440 с 5.Юрченко М. В., : Социальные отчисления и социальный налог в Республике Казахстан, – Астана: Фолиант, 2021. – 64 с. 6. Казанцев Д. О налогах простым языком. Налоги 2020. Работа после ЧП., Астана: Фолиант, 2020 г. - 136с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Журнал "Бухгалтерский бюллетень" 2020-2021г. 2 Налоговый Эксперт (Налоги и финансы, журнал) 2020-2021г. 3 Информационно-аналитический портал PRO1C 4 e Salyq Azamat