Материалтану

Сипаттама: Курсты оқуда конструкциялық материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсететін материалтану ғылымының негіздері, машина жасау және басқа техника саласындағы өндірістерде қолданылатын қара металл негізді қорытпаларды өндіру тәсілдері, оларды термиялық, механикалық өңдеу түрлері қаралып, жалпы мәлімет беріледі. Көміртекті, болаттарды және түсті металдар негізді жез, қола, силумин, дуралюминий қорытпаларын таңбалау принциптерімен танысу.

Кредиттер саны: 3

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Материалдардың құрылысы және қасиеті арасындағы байланысты білу. Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін экономика, эргономика, пайдалану талаптарына сай тиімді өзгерту үшін механикалық, химиялық, термиялық өңдеу теорияларын игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену.
Міндет
  • Курсты оқуда машина жасау және басқа механика мамандықтарында оқитын студенттерге металдың және қорытпалардың құрылысынан, олардың кристалдану ерекшеліктерінен, құрылысын зерттеу әдістерінен, механикалық қасиеттерін анықтаудан мәлімет береді. Болашақ мамандарға жалпы инженерлік дайындық беріп, басқа арнаулы пәндерді игеруіне көмек беру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Металдар мен қорытпалардың құрылымын талдауға арналған аспаптардың жұмыс істеу принциптерін білу; металдар мен қорытпаларға қарапайым термиялық өңдеу түрлерін таңдап, режімдерін тағайындай білу. Конструкциялық материалдардың ерекшеліктерін ажырату және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәннің негізгі ережелерін өзі жұмыс атқаратын бағытына сәйкестеу; Әрбір түзілімге қойыылатын талапқа сәйкес конструкциялықы материалдарды тағайындай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Материалдар құрылымы бойынша талдау жүргізуге қабілетті болу. Конструкциялық материалдар құрамындағы зиянды кірмелердің әсерін (пайдалы немесе зиянды) жетік талдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Конструкциялық материалдарды тиімді пайдалануға және технологиялық қасиеттерін талдауға қабілетті; машина жасау саласында пайдаланатын қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қойылған талаптарға сәйкес конструкциялық материалды тиімді өңдеу жолдарын табу; өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби тұрғысынан шешім таба білу.
Негізгі әдебиет
  • Технология металлов и материаловедение. //Под ред. Г.П. Фетисова. – М.: Высшая школа, 2001. 2 Лахтин Ю.И., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М.: Машиностроение, 1990. 3 Гуляев А.П. Металловедение. – М.: Машиностроение, 1986, 1991. 4 Технология металлов и материаловедение. //Под ред. Л.Д. Усовой. – М.: Металлургия, 1987. 5 Волков В.Н. Курс лекций по материаловедению. – Усть-Каменогорск, 2006. 6 Справочник металлиста. //Под ред. А.Г. Рахштадта. 7 Самохоцкий А.И., Кунявский М.Н. Лабораторные работы по материаловедению и термической обработке металлов. – М.: Машиностроение, 1981. 8 Барам И.И., Гусева Н.А. Методические указания к лабораторным работам по материаловедению. – 1990. 9 Справочники: «Металлурга», «Термиста», «Сварщика», «Литейщика», «Прокатчика» и др