Экологиялық инженерия негіздері және қоршаған ортаны басқару

Сипаттама: Бұл пән студенттің денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғаудағы сапа менеджменті жүйесін ұйымдар үшін жасап, енгізуінде және жұмыс істеуінде қажетті білім, икемділік пен дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Пән экологиялық менеджмент пен қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінен құралған интеграцияланған жүйені қосады. Экологиялық менеджмент өнеркәсіп қызметінің әртүрлі функционалдық құрылымын қамтиды.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқыту мақсаты - мамандығының студенттерін тіршілік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғаудағы сапамен қамтамасыз ету мен оны басқарудағы теориялық және тәжірибелік дайындық болып табылады.
Міндет
  • Міндеті: студенттердің сапа менеджменті жүйесінің негіздерін, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және денсаулықты қорғау және қауіпсіздік бойынша халықаралық сапа менеджмент жүйесі стандарттарының талабын меңгерулері. Сапа, экологиялық менеджмент, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті бойынша терминологияларын; процесті және жүйелік тұрғы негізінде сапаны басқару қағидаларын; сапа менеджменті жүйесін енгізу мен құру механизмін; экологиялық менеджмент пен кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментін білу; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаудағы сапаны басқару мәселелерін шешуде алған білімін қолдана алу; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаудағы сапа менеджменті жүйесі мәселелерін қалыптастыру мен енгізу кезінде біліктілік таныту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ISO және OHSAS халықаралық стандарттары негіздерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы сапаны басқаруға қатысты міндеттерді орындау үшін алынған білімді қолдана алу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекеінің қауіпсіздігі саласына менеджмент жүйесін енгізу мен құру мәселелерін шешуде құзыретті болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндірістік және қоғамдық қызметті профессионалды түрде жүргізу, ұжымдағы қарым-қатынас дағдыларын игеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пән саласында білім мен шеберліктерін тұрақты түрде жетілдіру
Негізгі әдебиет
  • 1.ИСО 9000: 200 – Системы менеджмента и качества. Принципы и словарь. 2.ИСО 9000: 201 – Системы менеджмента и качества – Требования. 3.ИСО 14001: 2016 – Системы экологического менеджмента. 4.Системы оценки промышленной безопасности и здоровья OHSAS 18001:2015 5.МС ИСО 14041: 2015. Управление окружающей средой. Оценка жизненного цикла. Определение цели, области и исследования и инвентаризационный анализ.