Машина мен механизмдердің теориясы

Сипаттама: Жалпы инженерлік пән. Жалпы ғылыми және жалпы инженерлік пәндерді байланыстыратын маңызды рөл атқарады. Теориялық механика, материалдар кедергісі және машина бөлшектері курстары мен бірге жалпы машина жасауды қамтамасыз ететін және машина жасаудағы инженерлік білім негізін қалайтын пәндер тобын құрайды.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқыту мақсаты: - студенттердің келесіде өндіріс шарттарында инженер-технолог, механик және т.б. ретінде қызмет ету үшін қажетті арнайы инженерлік пәндерді ұйғару үшін оларға керек білімдер мен тәжірибелер беру.
Міндет
  • Пәнді оқыту мәселелері – механизмдердің негізгі түрлерінің құрылымы, қатты және серпімділі буындары бар механизмдердің кинематикалық пен динамикалық сипаттамалары туралы білім, керекті шарттар бойынша механизмдердің геометриялық параметрлерін анықтау әдістері туралы білім, адам мен машинаны дірілден қорғау әдістері туралы білім, механизмдер мен машиналар жүйелер қозғалысын басқару туралы білімдерді студенттерге беру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Теориялық білімді тереңдету және шоғырландыру, жазық планеталық механизмдерді кинематикалық талдаудың аналитикалық және графикалық әдістерін қолдану саласындағы студенттердің дағдылары мен практикалық дағдыларын дамыту. Тісті беріліс коэффициентін және көп сатылы берілістердің шығыс байланысының бұрыштық жылдамдығын анықтау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Машиналар құрамындағы бөлек механизмдердің жұмыс принциптері мен олардың өзаралық қарым-қатынастарын түсініп білу. Көпсатылы редуктордардың беріліс қатынасын, бұрыштық жылдамдықтарын анықтау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білу: - графикалық және аналитикалық әдістер арқылы механизмдерді кинематикалық зерттеудің негізгі критерийлерін; - машиналар бөлшектері мен түйіндерінің теориясы және есептеу негіздері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Келесі дағдылар болу керек: - машина бөлшектерді жасау үшін ең қолайлы материалдарды таңдау; - машинар бөлшектерді есептеу; - графикалық және мәтін құжаттарды СТП, ЕСКД қоятын талаптарды орындай отырып дайындау; - есеп және графикалық құжаттарды дайындағанда типтік ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Құзыретті болу: тиімділік, сенімділік, ұзақмерзімділік және тиімділікке арналған заманауи талаптарға сай келетін жаңа машиналарды, қондырғыларды, автоматтандырылған желілер мен кешендерді құрастыру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Механизмдер мен машиналар теориясының негізгі ұғымдары. Машина, механизм, звено, кинематикалық жұп, кинематикалық қосылым. Кинематикалық жұптардың түрлері. Кинематикалық тізбектер. Жоғары және төмен кинематикалық жұптары бар механизмдер, алмастырушы механизмдер. Механизмдердің топтары. Механизмдер мен машиналардың негізгі түрлері.
  • Механизмдер құрылымының талдау мен синтез мәселелері және тәсілдері. Артық байланыстар, артық байланыстарды алып тастау. Артық байланыстары жоқ механизмдер. Олардың үлгілендіру негізі бойынша механизмдер мен манипуляторлардың талдауы және синтезі.
  • Механизмдердің кинематикалық сипаттамалары. Кинематикалық анализдеу. Жылдамдықтар мен үдеулер.
  • Кинематикалық анализдеудің аналитикадық әдісі. Эвольвента. Жабық векторлық контур әдісі.
  • Иінді механизмдердің күштік анализын жүргізу. Есеп және әдістері. Буындарға әсер ететін күштер. Инерциялық жүктемелер. Кинематикалық тізбектердің кинетостатикалы анықталатын талап.
  • Иінтіректі механизмдердің кинематикалық талдауының аналитикалық әдісі. Тұйық векторлық пішін, сандық дифференциалдау және интегралдау әдістері.
  • Үшінші класстағы Ассур топтары мен жұдырықшалы механизмдердің күшке санау ерекшеліктері. Н.Е. Жуковскийдің қатаң иінтірек туралы теоремасы.
  • Тісті механизмдердің түрлері. Олардың классификациясы. Көп сатылы механизмдердің кинематикасы. Графикалық және аналитикалық әдістер. Планетарлы тісті механизмдер. Оларды синтездеу және анализдеу.
  • Цилиндрлік тісті берілілістер. Тістерінің қырынан қарағандағы сұлбасы эвольвента болып келетін тісті дөңгелектердің элементтері. Эвольвентті іліністің қасиеттері. Тісті дөңгелектерді жасау әдістері. Станоктық іліністер. Тістерді астынан кесу және ұштарлау. Берілістердің сапалы дәрежелері. Жылжыту коэффициентін қабылдау. Қиғаш тістері бар цилиндрлік дөңгелектер. Новиковтың берілістері.
  • Механизмдерді теңестіру. Машина іргетасына түсетін күштер. Механизмдердің қозғалыстағы звеноларының массаларын анықтау тәсілдері. Айналатын звеноларды теңестіру. Теңгеруші машиналар. Көп звенолы механизмдерді теңестіру. Машиналардың діріл белсенділігі және оларды дірілден қорғау әдістері.
  • Салынған күштер әсерінен пайда болған механизм қозғалысын зерттеу. Күштер мен қос күш моменттерін келтіру. Массалар мен инерция моменттерін келтіру.
  • Жұдырықшалы механизмдердің түрлері. жұдырықшалы механизмдердің сұлбасын және шығатын звеноның қозғалыс заңын қабылдау. Жұдырықша сұлбасының графикалық және аналитикалық анықтау әдістері. Итергіш ролигінің өлшемдерін қабылдау.
  • Механизмнің қозғалыс теңдеулерінің негізгі түрлері. Қозғалыс теңдеулерін шығару жолдары. Механизм қозғалысының бір қалыпты емес екенінің коэффициенті. Механизм қозғалысының бір қалыпты емес екенінің коэффициентін анықтау және оны қамтамасыз ету. Машиналық агрегаттың қозғалыс заңына әсер ететін звенолардың серпімділігі.
  • Механизмдердің синтезі (жобалау). Механизмдер синтезінің кезеңдері. Жазық иінтіректі механизмдерді графикалық әдіспен синтездеу. Аналитикалық әдіспен синтездеу бастапқы талаптарға сәйкес.
  • Механизмдер мен машиналардағы үйкеліс. Механизмнің киематикалых жұптарындағы үйкеліс күштерін ескеру, қысым бұрышы және өздігінен тежелу оқиғасы. Механизмнің механикалық пайдалы әсер ету коэффициенті. Механизмдердің механикалық пайдалы әсер ету коэффициентін (ПӘК) анықтау.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Механизмдердің құрылымы мен топтары
  • Тісті механизмдердің кинематикалық анализі
  • Эвольвенттік дөңгелектің тістерін айналып шығу әдісімен кесіп
  • Лабораториялық жұмыстарды қорғау. 1- аралық бақылау
  • Эвольвенттік түзу тісті дөңгелектердің геометриялық параметрлерін өлшеу
  • Жазық жұдырықшалы механизмдерді құрастыру
  • Бұрандама редуктордың пайдалы әсер коэффициентін анықтау
  • Лабораториялық жұмыстарды қорғау. 2- аралық бақылау
Негізгі әдебиет
  • 1.Теория механизмов и машин. Учебник/ Под ред. К.В. Фролова. 4-е издание – М,: Высшая школа, 2003, 496 с.
  • 2. Попов С.А., Тимофеев Н.А. Курсовое проектирование по теории механизмов и механике машин: учебное пособие для ВУЗов/ под ред. К.В. Фролова – М.: Высшая школа, 2002, 351 с.
  • 3. Артоболевский И.А.. Теория механизмов и машин: Учеб. для втузов. – 4-е изд., перераб. и доп. – М: Наука. Гл. ред. физ.-мат. лит., 2008. - 640 с.
  • 4. Левитский Н.И. Теория механизмов и машин: Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Наука. Гл. редакция физ. мат. Лит., 2006. – 592 с.
  • 5. Касымханов С.Ж. Машиналар мен механизмдердің теориясы: Практикалық сабақтарға арналған оқу-әдістемелік нұсқа механикалық мамандықтарда оқитын студенттер үшін. – Өскемен: ШҚМТУ, 2015. – 50 б.
  • 6. Фролов К.В., Попов С.А., Мусатов А.К. и другие. Теория механизмов и машин. Учеб. для втузов. – М.: Высш. школа, 2005. – 496 с.
  • 7. Юдин В.А., Петрокас Л.В. Теория механизмов и машин: Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. школа., 2007. – 527с.
Қосымша әдебиеттер
  • 8. Кожевников С.Н., Есипенко Я.И., Раскин Я.М. Механизмы. Справочник. Изд.4-е, перераб. и доп. Под редакцией С.И. Кожевникова. М.: Машиностроение, 2000. – 784 с.
  • 9. Казыханов Х.Р. и др. Теория механизмов и машин с применением ЭВМ. КазНТУ, 2005. - 34 с.
  • 10. Марченко С.И. и др. Теория механизмов и машин. Серия «Сдаем экзамен». – Ростов-на – Дону: Феникс, 2003. - 256 с.
  • 11. Тлеубердин Қ.Ж., Карденов С.А. Машиналар және механизмдер теориясы: /оқу құралы. 2-басылым/ - Семей, 2012 - 192 б.