Техникалық реттеу

Кадыролдина Альбина Талапжановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Медициналық техниканы техникалық реттеу саласында құқықтық, теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар білікті мамандарды даярлау. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі қызметті және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауды қоса алғанда, телекоммуникация құралдары мен өлшеу техникасына қойылатын міндетті талаптарды айқындауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электроника негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазу емтиханы

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты медициналық техниканы техникалық реттеу саласында құқықтық, теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Міндет
  • стандарттарды қолдану, өлшем аспаптарының метрологиялық мінездемелерін, сертификация жасау тәртібін, өлшеу нәтижелерін өңдеу, техникалық тапсырмалар құрастыру және өлшеу құралдыарының техническалық шарттарын өңдеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Техникалық реттеу саласында арнайы білімдер
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Стандартизациялау және аккредитациялау саласында негізгі сонымен қатар арнайы білімдерді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оқу және өзін-өзі басқару, білімін және әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әлеуметтік, экрнрмикалық, мамандырылған оөлдерді ауыстыра білуге икемділік.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қоғамда және мамандық сферасында өз ойын толық жеткізе білу
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практика 1 0-100
Практика 2
Тестирование
2  рейтинг Практика 3 0-100
Практика 4
Тестирование
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Техникалық реттеу
  • Стандарттау
  • Стандарттау саласындағы жұмыс түрлері
  • Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметі
  • Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар: ҚР мемлекеттік стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері; ҚР Стандарттау жөніндегі ұйымдар стандарттары мен ұсынымдары; халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану; нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлері
  • Стандарттау әдістері
  • Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету
  • Өнімнің және процестердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау
  • Сәйкестік сертификаты
  • Аккредиттеу
  • Метрология негіздері
  • Шама бірліктері, шама бірліктерінің эталондары, өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын білдіру тәсілдері
  • Средства измерительной техники, Классификация, характеристики
  • Погрешности средств измерений, их нормирование, классы точности
  • Метрологическая прослеживаемость
Негізгі әдебиет
  • Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие. - Алматы: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2012.
  • Фридман А.Э. Основы метрологии. Современный курс. –СПб.: НПО «Профессионал», 2013.
  • Алексеев В.В. Метрология, стандартизация и сертификация. –М.: Издательский центр «Академия», 2010.
  • ГСИ СТ РК 2.1-2018 Метрология. Термины и определения.
Қосымша әдебиеттер
  • Закон Республики Казахстан «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 г.(с изменениями).
  • Закон Республики Казахстан «О стандартизации» от 15 октября 2018 г.