Метрология және стандарттау

Сипаттама: Курс «Техникалық физика» мамандықтарына арналған. Курсты оқу нәтижесінде студенттер келесіні білулері қажет: Стандарттау, сертификаттау және метрологияның маңызы, олардың қазіргі заманғы машина жасаудағы атқаратын ролі. Қысқаша шығу тарихы. Қазіргі заман шарттарындағы мамандарды дайындаудағы міндетті түрде оқытатын пән болып табылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Стандарттау және метрология негіздерін сапасының бақылануын, Қазақстандағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесін, еліміздегі өлшемдердің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрологиялық бөлімдердің ұйымдарын, өнімнің сапасын басқаратын бірлескен мемлекеттік жүйені, халықаралық сауда-саттық кезінде өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді оқытады.
Міндет
  • Пәнді оқытудағы негізгі мәселелер: - студенттермен іс жүзінде курстың негізгі жағдайын қолдана отырып түсіндіре білу, студенттерге ғылыми ой қалыптастыру; - мамандарға стандарттау, сертификаттау және метрология пәндерінен одан әрі жетілдіруге, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде техникалық шешім қабылдауына жететіндей білім беру. - МСТ-пен, техникалық құжаттармен таныстыру; - патентті әдебиетпен таныстыру, стандарттау жөніндегі шетелдік тәжірибелерді оқыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Стандарттаудан нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері. Нормативтік құжаттарды қолдану және олардың талаптарының мінезі. Техникалық регламенттер, олардың дәрежесі және қолдану тәртібі. Міндетті талаптардың бұзылуына жауапкершілік.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мемлекеттік бақылау және техникалық регламенттер мен стандарттардың орындалуын бақылау. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сертификаттаудың маңызы мен мәні. Негізгі терминдер мен түсініктемелер. ҚР-дағы сертификаттау. «Тұтынушының құқығын қорғау жөніндегі» заң.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Емтихан
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Халықаралық және аймақтық сертификаттау. Сертификаттау турасында JSO-ның атқаратын қызметі. Сертификаттаудың объектілері. Шет елдерді сертификациямен таныстыру.
Негізгі әдебиет
  • 3.1 Комбаев К.К. Метрология, стандарттау және сертификаттау. Техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. Өскемен қаласы, ШҚМТУ 2018, 123 б. 3.2 Дудкин М.В., Комбаев К.К., Шәкәрімов Ш.С. «Сызықтық өлшеулер» - лабораторлық жұмысқа арналған оқу - әдістемелік нұсқау. Өскемен қаласы, ШҚМТУ, 2017, 58 б. 3.3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. М.: ЮНИТИ, 2000. 3.4 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии, сертификации. М.: Изд-во стандартов, 2001.