Автомобильде пайдаланаттын материалдар

Сипаттама: Пән автомобильді пайдалану материалдарының (отындар, майлар, майлаулар, техникалық сұйықтықтар, лак-бояу, резеңке-техникалық және басқа да полимерлік материалдар) құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін, олардың сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруінің заңдылықтарын, олардың автомобиль тораптары мен агрегаттарының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттейді, сондай-ақ пайдалану материалдарын алудың, өңдеудің, сақтаудың және кәдеге жаратудың заманауи және перспективалық технологиялық тәсілдерін қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Студенттерде қазіргі заманғы пайдалану материалдарының (отындар, майлау материалдары, арнайы сұйықтықтар, металл емес материалдар) сапасына қойылатын пайдалану-техникалық талаптардың күрделі кешенін еркін меңгеруге мүмкіндік беретін, олардың ішкі жану қозғалтқыштарының, трансмиссия агрегаттарының және автомобильдердің басқа да конструктивтік тораптарының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігіне әсерін ескере отырып, білім мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, оларды тиімді қолдануды ұйымдастыру
Міндет
  • 1. Физикалық-химиялық қасиеттері, пайдалану қасиеттері, отындарды, майларды, техникалық сұйықтықтарды қолдану салалары бойынша қажетті білім көлемін алу. Бұл базада материалдарды ұтымды және үнемді пайдалануды ұйымдастыру және оларды нормалау негіздері бойынша мәліметтер игерілуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пайдалану материалдарының негізгі қасиеттері, сапа көрсеткіштері; оларды ұтымды қолдануды ұйымдастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік құралының нақты түрі үшін отын маркасын және майлау материалдарын дұрыс таңдау; алмастырғышты таңдауды техникалық негіздеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Талдау: жанар-жағар май материалдарын алу; осы материалдармен жұмыс істеу; металл емес конструкциялық материалдармен жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Владеть не менее чем одним иностранным языком на высоком уровне, позволяющим проводить научные исследования и практическую деятельность
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жаңа білім мен іскерлікті, оның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа салаларда, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдану қабілеті
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1. Көлік техникасында пайдаланылатын отындардың, майлар мен жағар майлардың, техникалық сұйықтықтардың және металл емес материалдардың негізгі түрлері. Мұнай, отын-жағармай материалдарын алуға арналған шикізат ретінде. Мұнай құрамы туралы түсінік. Отынды, майды, пластикалық майларды алу тәсілдері. 2. Бензиндерге қойылатын техникалық-экономикалық талаптар және пайдалану сапасын сипаттайтын олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің көрсеткіштері. Бензиндердің маркалары және қозғалтқыштың конструкциясына және климаттық жағдайларға байланысты оларды қолдану принциптері. 3. Дизель отындарына қойылатын талаптар және олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттерінің көрсеткіштері. Дизель отындарын таңбалау. 4. Газ тәрізді отынға қойылатын техникалық-экономикалық талаптар және оны пайдалану ерекшеліктері. Отынның басқа түрлерімен салыстырғанда газ тәрізді отындардың артықшылықтары мен кемшіліктері. 5. Отынның балама түрлері. Синтетикалық отын 6. Сұйық майлардың мақсаты және үйкеліс түрлері туралы қысқаша мәліметтер 7. Майларда қолданылатын қоспалар, олардың тағайындалуы және әрекет ету принципі. 8. Сұйық майларға қойылатын талаптар, олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттері. Май маркаларының жіктелуі және шартты белгіленуі. Қозғалтқыштарға арналған майлар және оларды қолдану. 9. Трансмиссиялық майлар және олардың қолданылу саласы. Консервациялық майлар және оларды қолдану. Индустриалды майлар және оларды қолдану. 10. Созымды майларға қойылатын талаптар олардың пайдалану сапасын сипаттайтын физикалық-химиялық қасиеттері. Майлардың жіктелуі және шартты белгіленуі. 11. Отын үнемділігінің негіздері. Пайдаланылған майларды тазалау, регенерациялау және қалпына келтіру. 12. Техникалық сұйықтықтар. 13. Пластмасса түрлері және олардың құрамы. Негізгі қасиеттері. Синтетикалық желімдерді қолданудың техникалық-экономикалық тиімділігі. Желімге қойылатын талаптар және оның құрамы. 14. Лак-бояу материалдарының мақсаты және оларға қойылатын техникалық-экономикалық талаптар. Лак-бояу материалдарының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер. Лак-бояу материалдарының белгіленуі және лак-бояу жабындарының жіктелуі. 15. Резеңке материалдардың өзіне тән қасиеттері және оларды автомобиль бөлшектерін жасау үшін қолдану. Резинаның физикалық-механикалық қасиеттері.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • 1. Зертханада жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық. Зертханалық сабақтардың тақырыптарымен танысу. 2. Карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған отындардың физикалық-химиялық талдауы 3. Дизельді қозғалтқыштарға арналған отын сапасына физикалық-химиялық талдауы 4. Мотор майларының сапасына физикалық-химиялық талдауы 5. Консистентті майлардың сапасына физикалық-химиялық талдауы 6. Жұмыс істеген май сапасының көрсеткіштері бойынша қозғалтқыштардың техникалық жай-күйінің диагностикасы 7. Техникалық сұйықтықтардың физикалық-химиялық талдауы 8. Лак-бояу материалдарының сапасына физикалық-химиялық талдауы
Негізгі әдебиет
  • 1. Баубек, А.А. Эксплуатационные материалы: учебник.- Астана, 2010. 2. Спиркин В.Г. Автомобильные эксплуатационные материалы. Учебник.- Москва, 2018. 3. Эксплуатационные материалы. Учебное пособие. Автор В. В. Вербицкий, В. С. Курасов, А. Б. Шепелев. Лань, 2018 4. Каня В.А., Пономаренко В.С. Эксплуатационные материалы [Электронный ресурс]: курс лекций. – Омск: СибАДИ, 2015 5. Тастанбеков Т.Х., Туленденов Р.С. Автомобильдерді пайдалануда қолданылатын материалдар. Өскемен: ШҚМТУ, 2005. – 206 б. 6. Мырзабекова Д.М., Яковлев В.С. Пайдалану материалдары. 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Өскемен қ., 2018 – 108 б. с.