Техникалық өлшеулер мен сәйкестендіру

Сипаттама: Курсты оқу нәтижесінде студенттер келесіні білулері қажет: машина бөлшектерінің типтік байланысуын құру кезіндегі жүйесі, машина құрастыру кезіндегі бөлшектердің геометриялық параметрлерінен ауытқу шамаларын және дәлдігін қабылдау негіздері. олардың қолданыс шарттарын ескеру, стандарттаудың негіздерін, әдістері мен ұстанымдарын және нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істей алулары, бөлшектердің геометриялық параметрлерін өлшеп, өлшеу нәтижесі бойынша олардың жарамдылықтарын анықтай білулері, әр түрлі отырғызу есеп-қисаптарын санау және оларды таңдау, оларды сызуда белгілей алулары қажет.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерді, стандарттау және өнім сапасының бақылануын, Қазақстандағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесін, еліміздегі өлшемдердің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрологиялық бөлімдердің ұйымдарын, өнімнің сапасын басқаратын бірлескен мемлекеттік жүйені, халықаралық сауда-саттық кезінде өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді оқытады.
Міндет
  • Пәнді оқытудағы негізгі мәселелер: - студенттермен іс жүзінде курстың негізгі жағдайын қолдана отырып түсіндіре білу, студенттерге ғылыми ой қалыптастыру; - мамандарға стандарттау, сертификаттау және метрология пәндерінен одан әрі жетілдіруге, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде техникалық шешім қабылдауына жететіндей білім беру. - МСТ-пен, техникалық құжаттармен таныстыру; - патентті әдебиетпен таныстыру, стандарттау жөніндегі шетелдік тәжірибелерді оқыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Стандарттау, сертификаттау және метрологияның маңызы, олардың қазіргі заманғы машина жасаудағы атқаратын ролі. Қысқаша шығу тарихы. Қазіргі заман шарттарындағы мамандарды дайындаудағы міндетті түрде оқытатын пән болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Стандарттаудың құқықтық негіздері және олардың мақсаттары. Стандарттарды өңдеудегі тәртіп. Өнімділікті жоғарылатудағы стандарттардың ролі және өнімнің сапасы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • МСЖ-не кіретін стандарттардың қысқаша мағлұматтары. Халықаралық және аймақтық стандарттау. ТМД-дағы стандарттау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Емтихан
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • «Техникалық реттеу туралы» заң. Сертификаттаудың мүшелері және сынақ зертханалары. Сәйкестік белгілері. Сапа жүйесіндегі сертификаттау. Сертификаттаудың мәні мен маңызын оқыту (негізгі терминдер, міндетті және ерікті сертификаттаудың маңызы).
Негізгі әдебиет
  • 3.1 Комбаев К.К. Метрология, стандарттау және сертификаттау. Техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. Өскемен қаласы, ШҚМТУ 2018, 123 б. 3.2 Дудкин М.В., Комбаев К.К., Шәкәрімов Ш.С. «Сызықтық өлшеулер» - лабораторлық жұмысқа арналған оқу - әдістемелік нұсқау. Өскемен қаласы, ШҚМТУ, 2017, 58 б. 3.3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. М.: ЮНИТИ, 2000. 3.4 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии, сертификации. М.: Изд-во стандартов, 2001.