Құрылымдау негіздері және машина бөлшектері

Сипаттама: Машиналар мен механизмдерді жобалаудың негіздері. Бөлек механизмдердің жұмыс принциптері, олардың машинадағы өз-аралық қарым-қатынастары, берілген жұмыс шарттары бойынша механизмдердің лайықты параметрлері табу, машиналардың ұзақ уақыттық жұмыс қабілеттерін және сенімділігін көтеру үшін жасалған әрекеттерді, машиналар мен механизмдердің техникалық күтімін орындауды анық білу үшін алдымен машиналардың бөлшектері мен тораптарының негізгі түрлерін, олардың беріктіктік қасиеттерін үйрету.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл пәннің негізгі мақсаты: 1. Студенттерге білім беру: - технологиялық машиналардың құрылымын және жұмысқа қабылеттілік критерийлерін; - машина бөлшектердің есептеу әдістерін және олардың жұмыс істеуінің негізгі теориясын; - механизмдердің ең көп таралған түрлерін жобалау негіздері туралы; - машина бөлшектерінің параметрлері нгеометриялық анықтау әдістері туралы; - бөлшектердің ұтымды құрылымдық формаларын таңдау әдістері туралы; - жалпы тағайындалған бөлшектердің беріктігі мен сенімділігін есептеу негіздері туралы. 2. Студенттер арнайы пәндерді түсінуі үшін бастапқы білім беру. 3. Студенттерді жобалау және құрастыру дағдыларын дамыту.
Міндет
  • Пәнді оқыту мәселелері: Осы ҚНМБ бағдарламаны оқып бітіргеннен кейін студенттер білу керек: - машиналардың және машинажасау өндіріс ролін; - өзіміздің және шетелдегі машинажасау өндірісінің жеткіліктері туралы, оның тарихы туралы; - жалпы тағайындалған бөлшектердің және құрылым бірліктердің классификациларын олардың жұмысқа жарамдылық критерийлерін және есеп жүргізуін; - жалпы тағайындалған бөлшектердің және құрылым бірліктердің технологиялылығын, үнемділігін, сенімділігін және төзімділігін; - стандарттаудың, типтендірудің, бірегейлендірудің, өзара ауыстырымдылықтың және машина құрастыру кезіндегі агрегаттық принциптың ролін;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: инженерлік есептерді шығару үшін, құрылымдау негіздері және машина бөлшектері пәннің базалық негіздерін білу керек; машина бөлшектерін жұмысқа жарамдылығын қалай есептеу керек, оларды тағайындау және функционалды қажеттілігін және бір-бірімен қарым-қатынас жұмыс істеуін ұғу керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Оқыту нәтижесінде студенттер келесіні істей білу керек: - өз бетімен керекті машина бөлшектерін қойылған талаптар бойынша жобалау; - өз бетімен нормативтік-анықтамалық әдебиеттерді таңдап қолдану; - жобалаған кезде машина бөлшектеріне қойылатын талаптарды еске ала отырып жобалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білу: - машина жасау материалдарын таңдау. Машина құрылымында мүмкіндік кернеулер мен беріктік қор коэффициентін таңдау; -машина бөлшектерінің жұмыс қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері; - берілістер туралы жалпы мәліметтер; - машина бөлшектерінің типтік құрылымдары, олардың қасиеттері және қолданылатын аудандары; - машина бөлшектерінің есебін автоматтандыру негіздері; - жобалау элементтерін үйлесімділеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білу керек: - жәңа машиналарды қолдану және олардың сапаларының көрсеткіштерін жақсарту туралы; - кәзіргі уақытта жүргізіліп жатқан ғылым-зерттеу жұмыстары туралы; - құрастырылып жатқан машиналардың инженерлік анализын өткізіп олардың оптималь параметрлерін таңдау.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. ҚНжМБ пәнінің негізгі ұғымдары мен түсініктері. Машина бөлшектерінің құрылымы мен теориясының қысқаша даму тарихы. Жалпы қолдануға жарайтын және арнайы қолдануға келетін бөлшектер. Машиналар мен олардың бөлшектеріне қойылатын негізгі талаптар.
  • Машина жасау материалдары. Жалпы түсінік. Материалды таңдау жолдары. Машина құрылымында мүмкіндік кернеулер мен беріктік қор коэффициентін таңдау. Машина бөлшектерінің жұмыс қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері. Бөлшектерді беріктікке есептеу жолдары.
  • Берілістер туралы жалпы мәліметтер. Механикалық берілістер. Берілістердің негізгі түрлері. Үйкеліс және ілініс арқылы істейтін берілістер. Берілістердің негізгі сипаттамалары. Әртүрлі параметрлер арасындағы қатынастар.
  • Фрикционды берілістер. Жалпы мәліметтер. Фрикционды берілістердің түрлері. Фрикционды берілістердің есептеу негіздері. Беріліс геометриясы. Біліктер мен осьтерге түсетін күштер. Вариаторлар.
  • Белдікті берілістер. Жалпы мәліметтер. Белдікті берілістердің түрлері. Белдікті берілістердің есептеу негіздері. Беріліс геометриясы. Шкивтердегі айналым жылдамдықтардың кинематикалық параметрлері. Біліктер мен осьтерге түсетін күштер. Белдіктегі кернеулер. Берілістегі сырғанау. Белдіктегі пайдалы шекті кернеу. Беріліс белдіктерінің түрлері. Белдіктер шеттерін қосу әдістері. Белдікті берілістерді беріктікке есептеу жолдары.
  • Тісті берілістер. Жалпы мәліметтер. Тісті берілістердің негізгі параметрлері. Іліністегі тістер арасындағы сырғанау және үйкеліс. Іліністе пайда болатын шеңберлік және радиал күштер.
  • Қиғаш және шеврон тісті берілістердің есептеу ерекшеліктері. Қиғаш тісті берілістердің геометриялық ерекшеліктері. Осьтік күш. Қозғалыстың бірқалыпты қозғалуы. Конусты тісті берілістер олардың негізгі параметрлері.
  • Цилиндрлі берілістерді беріктікке есептеу. Тістің іліністе жұмыс істейтін шарттары. Тістердің бұзылуы. Түйіспелі және иілу кернеулер. Тіс беттерінің зақымдануы. Іліністегі күштер. Есептеу жүктеме.
  • Бұрамдықты (иірмекті) берілістер. Геометриялық және кинематикалық параметрлері. Жалпы мәліметтер. Редукторларды классификациялау. Бір сатылы және көп сатылы редукторлар. Олардың қасиеттері. Бұрамдықты редукторлардың ПӘК. Редуктордың негізгі бөлшектерінің конструкциясы.
  • Муфталар. Жалпы мәліметтер. Муфталардың түрлері. Біліктер мен осьтер. Жалпы мәліметтер. Біліктердің түрлері. Біліктердің жобалық есебі. Біліктердің тексеру есебі. Есеп сұлбасын қабылдау және есеп әсерлерді анықтау. Беріктікке есептеу. Қатаңдылыққа есептеу. Тербелістерге есептеу.
  • Мойынтіректер. Олардың түрлері. Сырғанау мойынтіректер туралы жалпы мәліметтер. Сырғанау мойынтіректердің жұмыс атқаратын шарттары және істен шығу түрлері. Домалау мойынтіректер туралы жалпы мәліметтер және олардың түрлері. Домалау мойынтіректердің, олардың жұмыс қабілетіне әсер ететін жұмыс шарттары.
  • Машина бөлшектерінің қосылыстары. Бөлшектер арасындағы байланыстардың түрлері. Ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар. Бұрандалы қосылыстар, олардың түрлері. Бұранданың геометриялық сипаттамалары. Бұранданы жасау әдістері.
  • Тойтармалы (заклепкалы) қосылыстар. Олардың түрлері. Беріктікке есептеу әдістері. Керілісті (престелген) қосылыстар. Жалпы мәліметтер. Керілісті (престелген) қосылыстарды беріктікке есептеу жолдары.
  • Кілтекті (шпонкалы), көп кілтекті (шлицті) және профильді қосылыстар. Жалпы мәліметтер. Осы қосылыстардың түрлері. Есептеу жолдары.
  • Бөлшектерді пісіріп қосу. Жалпы мәліметтер және осы қосылыстарды қолдану жағдайлар. Пісірмелі қосылыстардың түрлері. Есептеу жолдары. Желімді қосылыстар.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Өлшеу әдістері мен құралдары.
  • Цилиндрлік тісті редуктордың құрылымын зерттеу.
  • Жылжымалы қосылыстардың тығыздауыштары.
  • Иірмекті редуктордың құрылымын зерттеу.
  • Рационалды құрылымдаудың әдістері.
  • Гайканың бұрандасы мен шет қырындағы үйкеліс коэффициентін анықтау.
  • Ығысуға тырысатын болттық қосылысты сынау.
  • Зертханалық жұмыстарды қорғау.
Негізгі әдебиет
  • 1. Иванов М.Н., Финогенов В.А. Детали машин.– М.:Высшая школа, 2005, 408с.
  • 2. Ковчегин Д.А., Петракова Д.А. Детали машин и основы конструирования: справочник.- М.:МГИУ, 2007, 127 с.
  • 3. Андросов А.А. и др. Расчет и проектирование деталей машин:– Ростов-на-Дону: Феникс, 2006, 286 с.
  • 4. Дунаев П. Ф., Леликов П.Ф. Конструирование узлов и деталей машин: учеб. пособие.- М.: Академия, 2003, 496 c.
  • 5. Тимофеев С.И. Детали машин.– Ростов-на-Дону: Феникс, 2005, 410 с.
  • 6. Скойбеда А.Т., Кузьмин А.В., Макейчик Н.Н. Детали машин и основы конструирования: учебник.- Минск: Вышэйш. шк., 2006, 560 с.
  • 7. Жолдасбеков Ө.А. Машина бөлшектері. Алматы, «Рауан», 2006, 356 б.
  • 8. Тәжiбаев С.Д., Серікбаев Д.М. Машина бөлшектері мен құрылымы: оқулық. - Алматы: Сигнет Принт. 2008, 538 б.
Қосымша әдебиеттер
  • 9. Ковчегин Д.А., Петракова Д.А. Детали машин и основы конструирования: справочник.- М.:МГИУ, 2007, 127 с.
  • 10. Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Машина бөлшектері және құрылмдау негіздері. Алматы, «Рауан», 2008.
  • 11. М. Рақымбекова. Материалдар механикасының есептер жинағы : оқу құралы /- Екінші басылымы. - Алматы : Дәуір, 2008. - 247 б.
  • 12. Жолдасбеков Ө.Ә., Сағитов М.Н. Техникалық механика. – Алматы, 2002, – 575 б.
  • 13. Машиностроение. Энциклопедия: Детали машин. Конструкционная прочность. Т. IV/ Под общ. ред. Решетова Д.Н.– М.: Машиностроение, 2005, 215с.
  • 14. Жүнісбеков С., Қадырбаев А. Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы «Бастау», 2008 – 373 б.