Стандартизация, сертификация и технические измерения

Сипаттама: Машина бөлшектерінің типтік байланысуын құру кезіндегі жүйесі, машина құрастыру кезіндегі бөлшектердің геометриялық параметрлерінен ауытқу шамаларын және дәлдігін қабылдау негіздері, олардың қолданыс шарттарын ескеру, стандарттаудың негіздерін, әдістері мен ұстанымдарын және нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істеу , бөлшектердің геометриялық параметрлерін өлшеп, өлшеу нәтижесі бойынша олардың жарамдылықтарын анықтау, отырғызу есептерін санау, таңдау, сызуда белгілеу.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Өзара алмасу ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерді, стандарттау және өнім сапасының бақылануын, Қазақстандағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесін, еліміздегі өлшемдердің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрологиялық бөлімдердің ұйымдарын, өнімнің сапасын басқаратын бірлескен мемлекеттік жүйені, халықаралық сауда-саттық кезінде өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді оқытады.
Міндет
  • Пәнді оқытудағы негізгі мәселелер: - студенттермен іс жүзінде курстың негізгі жағдайын қолдана отырып түсіндіре білу, студенттерге ғылыми ой қалыптастыру; - мамандарға стандарттау, сертификаттау және метрология пәндерінен одан әрі жетілдіруге, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде техникалық шешім қабылдауына жететіндей білім беру. - МСТ-пен, техникалық құжаттармен таныстыру; - патентті әдебиетпен таныстыру, стандарттау жөніндегі шетелдік тәжірибелерді оқыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Стандарттау, сертификаттау және метрологияның маңызы, олардың қазіргі заманғы машина жасаудағы атқаратын ролі. Қысқаша шығу тарихы. Қазіргі заман шарттарындағы мамандарды дайындаудағы міндетті түрде оқытатын пән болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Стандарттаудан нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері. Нормативтік құжаттарды қолдану және олардың талаптарының мінезі. Техникалық регламенттер, олардың дәрежесі және қолдану тәртібі. Міндетті талаптардың бұзылуына жауапкершілік.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Стандарттаудың құқықтық негіздері және олардың мақсаттары. Стандарттарды өңдеудегі тәртіп. Өнімділікті жоғарылатудағы стандарттардың ролі және өнімнің сапасы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Мемлекеттік бақылау және техникалық регламенттер мен стандарттардың орындалуын бақылау. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихан
Негізгі әдебиет
  • Негізге әдебиеттер 3.1 Комбаев К.К. Метрология, стандарттау және сертификаттау. Техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. Өскемен қаласы, ШҚМТУ 2009, 123 б. 3.2 Дудкин М.В., Комбаев К.К., Шәкәрімов Ш.С. «Сызықтық өлшеулер» - лабораторлық жұмысқа арналған оқу - әдістемелік нұсқау. Өскемен қаласы, ШҚМТУ, 2007, 58 б. 3.3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. М.: ЮНИТИ, 2000. 3.4 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии, сертификации. М.: Изд-во стандартов, 2001. Қосымша әдебиеттер 3.5 Допуски и посадки. Справочник в двух томах//Под ред. В.Д. Мягкова - Л.: Машиностроение, 1982. 3.6 Основы стандартизации и контроля качества. // Под ред. В.В. Ткаченко - М.: Издательство стандартов, 1981.