Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

Сипаттама: Оқытылатын курс стандарттар талаптарын орындау бойынша ғылыми негізделген дығдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастар жағдайында ел экономикасының дамуы машина жасау өнімдерін өндіруге байланысты. Инженерлік мамандықтағы білім алушылар метрология, стандарттау және өзара алмастыру негіздерін дұрыс шешу үшін құзыреттілікке ие болады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Өзара алмасу ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерді, стандарттау және өнім сапасының бақылануын, Қазақстандағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесін, еліміздегі өлшемдердің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрологиялық бөлімдердің ұйымдарын, өнімнің сапасын басқаратын бірлескен мемлекеттік жүйені, халықаралық сауда-саттық кезінде өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді оқытады.
Міндет
  • студенттермен іс жүзінде курстың негізгі жағдайын қолдана отырып түсіндіре білу, студенттерге ғылыми ой қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • мамандарға стандарттау, сертификаттау және метрология пәндерінен одан әрі жетілдіруге, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде техникалық шешім қабылдауына жететіндей білім беру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • МСТ-пен, техникалық құжаттармен таныстыру;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • патентті әдебиетпен таныстыру, стандарттау жөніндегі шетелдік тәжірибелерді оқыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • машина бөлшектерінің типтік байланысуын құру кезіндегі жүйесі, машина құрастыру кезіндегі бөлшектердің геометриялық параметрлерінен ауытқу шамаларын және дәлдігін қабылдау негіздері. Олардың қолданыс шарттарын ескеру, стандарттаудың негіздерін, әдістері мен ұстанымдарын және нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істей алулары, бөлшектердің геометриялық параметрлерін өлшеп, өлшеу нәтижесі бойынша олардың жарамдылықтарын анықтай білулері, әр түрлі отырғызу есеп-қисаптарын санау және оларды таңдау, оларды сызуда белгілей алулары қажет
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихан
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Стандарттау, сертификаттау және метрологияның маңызы, олардың қазіргі заманғы машина жасаудағы атқаратын ролі. Қысқаша шығу тарихы. Қазіргі заман шарттарындағы мамандарды дайындаудағы міндетті түрде оқытатын пән болып табылады.
  • Стандарттаудан нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері. Нормативтік құжаттарды қолдану және олардың талаптарының мінезі. Техникалық регламенттер, олардың дәрежесі және қолдану тәртібі. Міндетті талаптардың бұзылуына жауапкершілік.
  • Стандарттаудың құқықтық негіздері және олардың мақсаттары. Стандарттарды өңдеудегі тәртіп. Өнімділікті жоғарылатудағы стандарттардың ролі және өнімнің сапасы.
  • Мемлекеттік бақылау және техникалық регламенттер мен стандарттардың орындалуын бақылау. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.
  • МСЖ-не кіретін стандарттардың қысқаша мағлұматтары. Халықаралық және аймақтық стандарттау. ТМД-дағы стандарттау.
  • Сертификаттаудың маңызы мен мәні. Негізгі терминдер мен түсініктемелер. ҚР-дағы сертификаттау. «Тұтынушының құқығын қорғау жөніндегі» заң.
  • «Техникалық реттеу туралы» заң. Сертификаттаудың мүшелері және сынақ зертханалары. Сәйкестік белгілері. Сапа жүйесіндегі сертификаттау. Сертификаттаудың мәні мен маңызын оқыту (негізгі терминдер, міндетті және ерікті сертификаттаудың маңызы).
  • Халықаралық және аймақтық сертификаттау. Сертификаттау турасында JSO-ның атқаратын қызметі. Сертификаттаудың объектілері. Шет елдерді сертификациямен таныстыру.
  • Метрологияның маңызы мен мәні. Өлшеу дәлдігінің теориялық негізі. Өндіру қателіктері, олардың талдауын өлшеу және есептеулер негізі.
  • Эталондар, өлшемдердің үлгілік және жұмыстық құралдары, олардың классификациясы. ҚР-дағы өлшемдердің мемлекеттік жүйесі.
  • Техникалық өлшемдердің құралдары мен әдістері. Классификациясы. Өлшем құралдарының анализі. Өлшем құралдарының метрологиялық мәліметтері.
  • Өлшегіш құралдар және жаппай өндірісте қолданатын калибрлер. Оптикалық, оптико-механикалық және басқа құрылғылар.
  • ҚР-дағы метрологиялық қызметінің негізі, метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ғылыми және әдістемелік негіздері.
  • Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. ҚР-дағы мемлекеттік метрологиялық қызмет көрсетулер. Өнеркәсіптердің метрологиялық қызмет көрсетулерінің құрылымы мен функциялары.
  • Шетелдегі метрология, метрологиядағы халықаралық және аймақтық ұйымдар. Еуропадағы және ТМД-дағы метрология. Халықаралық метрологиялық ұйымдар.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Техникалық өлшемдер туралы кіріспе сабақ. Өлшем құралдарының метрологиялық мағлұматтары. Өлшемдердің қателігі мен дәлдігі.
  • Цилиндрлік бөлшектерді штангенциркулмен өлшеу, пішіні және ауытқу бойынша жарамды бөлшектерді ажырату қорытындысы.
  • Талдау нәтижесіне қарап, микрометрлік құралмен өлшеу.
  • Индикаторлы ішкі өлшегіш арқылы өлшеу. Өлшемі бойынша жарамды бөлшектерді ажырату қорытындысы.
  • ИЗВ-1 вертикаль ұзындық өлшеуішпен өлшеу. Өлшеу нәтижелерінің математикалық өңделуі. Өнім сапасының статистикалық бақылауы.
  • Бұранда параметрлерін үлкен құралдық микроскопында БМИ өлшеу. Бұранда жарамдылығының қорытындысы.
  • Кедір-бұдырлық параметрлерінің шамаларын МИС-11 микроскопы арқылы өлшеу. Кедір-бұдырлықтың класын анықтау.
Негізгі әдебиет
  • 1. Комбаев К.К. «Метрология стандартизация и сертификация» - учебник для технических специальностей. Алматы, «Эверо» -2015 г. 132 с. ISBN 978-601-240-784-6. 2. Дудкин М.В., Комбаев К.К. «Сызықтық өлшеулер» Өскемен қаласы, ШҚМТУ, 2012 ж. – 58 б. 3. Комбаев К.К. Метрология, стандарттау және сертификаттау. Техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. Алматы «Эверо» -2018 ж. 244 б. ISBN 978-601-208-536-5, 2-ші басылым, жаңартылған және толықтырылған. ШҚМТУ Ғылыми кеңесінің әдістемелік отырысында бекітілген 04 шілде 2018 ж. № 10 хаттамасы, ҚарМТУ РОӘК Ұсынылған 4. Дудкин М.В., Комбаев К.К., Шакаримов Ш.С., «Линейные измерения» - учебно-методическое пособие. Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2008, с.96. 5. Комбаев Қ.Қ. Метрология, стандарттау және сертификаттау. Алматы, Эверо, 2015 ж. – 128 б.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Дудкин М.В. Выбор посадок и расчет размерных цепей: Учебное пособие / ВКГТУ.- Усть-Каменогорск, 2003. –116 с. 7. Сергеев А.Г., Латышев М.В., Терегеря В.В. Метрология, стандартизация, сертификация: Учебное пособие.–М.: Логос, 2001. –536 с: ил. 8. Марков Н.Н., Осипов В.В., Шабалина М.Б. Нормирование точности в машиностроении: Учеб. для машиностроит. спец. Вузов./– 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк.; Издательский центр «Академия», 2001. –335 с: ил. 9. ГОСТ 868-82 Нутромеры индикаторные с ценой деления 0,01 мм. Технические условия