Транспорт ғимараттары құрылысының технологиясы

Сипаттама: Жол жамылғысының, негіздерінің технологиялық жіктелуі; жол-құрылыс материалдарының жіктелуі; жол жамылғысының құрылысы үшін қолданылатын машиналар; қарапайым типті жабындардың құрылысын; жеңілдетілген үлгідегі жетілдірілген жабындардың құрылысын; асфальт-бетон жамылғылары мен негіздерінің құрылысын; цемент-бетон жамылғылары мен негіздерінің құрылысын; ҰҚЖ мен РЖ құрылысын; жол жамылғысының құрылысын салу кезінде сапаны бақылау

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты-бакалаврдың біліктілік сипаттамасы аясында кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жол жамылғысын салу технологиясы саласында теориялық негіздерді оқып, практикалық дағдыларды дамыту.
Міндет
  • Жол жамылғысын салу технологиясын, жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін, арнайы жолдар мен аэродромдар құрылысының ерекшеліктерін, жол жамылғысын қайта құру тәсілдерін, жол жаиылғысын салу кезінде сапаны бақылау технологиясын және ұйымдастыруды білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Іске қосылатын жаңа жабдықты және материалдарды игеру, қолданыстағы технологиялық жабдықтар мен құрылыс-монтаж объектілері конструкцияларының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру, қажет болған жағдайда кәсіпорынның өндірістік учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Нәтижелерді өңдеумен және талдаумен берілген әдістемелер бойынша эксперименттер жүргізе білу, қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдардың физикалық-механикалық қасиеттері мен технологиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша стандартты сынау әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, өндірістік учаскелерді құру немесе қайта құру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлау, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық құжаттаманы (жұмыс кестелері, нұсқаулықтар, сметалар, жоспарлар, материалдар мен жабдықтарға өтінімдер) жасауға, стандарттау, техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды сертификаттауға техникалық дайындау бойынша жұмыстарды орындауға, технологиялық процестерді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін құру үшін құжаттаманы дайындауға Дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жүйелі зерттеуге, патенттік зерттеулерді жүргізуге негізделген зерттеу қызметінің базалық әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге қатысу қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • 1. Эксплутация автомобильных дорог: учебное пособие для автодорожных вузов / А.К. Киялбаев, С.Н. Киялбай – Москва-Алматы: МАДО, КазАДИ, 2017. – 342 с. 2. Строительство автомобильных дорог: учебник / коллектив авторов; под ред. В.В. Ушакова и В.М. Ольховикова. – М. : КНОРУС, 2013. – 576 с. 3. Говердовская Л.Г. Инновационные технологии в дорожной отрасли [Электронный ресурс]: учебное пособие/ Говердовская Л.Г.— Электрон. текстовые данные. — Самара: Самарский государственный архитектурно-строительный университет, ЭБС АСВ, 2014. — 166 c.— Режим доступа: http://www.iprbookshop.ru/29787. – ЭБС «IPRbooks» 4. Реконструкция автомобильных дорог: учебное пособие/ И.Н. Папакин. – Омск: СибАДИ, 2013. – 84 с.