Жол құрылысының өнедірістік кәсіпорыны

Сипаттама: Жол құрылысы жүйесінде өндірістік кәсіпорындардың тағайындалуы, жіктелуі және орналасуы. Карьерлерді қазу. Тас - ұсақтау зауыттарының, битум қоймаларының, асфальт-және цемент-бетон зауыттарының, темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіру жөніндегі зауыттардың негізгі жұмыс принциптері мен орналастыру.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Жол құрылысының өндірістік кәсіпорындары» пәнінің негізгі максаты жолды салу және пайдалану кезіндегі қажетті жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындары жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру шараларын дамыту тәсілдері мен принциптерін жеткізу. Пәннің негізгі бөлімі болып автомобиль жолын салуға және пайдалануда қажетті жол-құрылыс материалдарын зерттеу және оларды дайындау туралы деректерді беру саналынады. Пәнді оқыту кезінде студент жол-құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорындар жұмыстарын теориялық жағынан түсініп, оны практикада қолдана білу.
Міндет
  • Өндіріс технологиясын және жол құрылысы кәсіпорындарын жобалаудың негізгі принциптерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, жол құрылысы кәсіпорындарының қолданыстағы технологиялық жабдықтарының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теориядан алынған материалдар алу әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі, өзінің білетін жақтары мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, сынақтар жүргізуді және сынақтар нәтижелерін өңдей білу, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиеттерін анықтау тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, жол құрылысының өндірістік кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • жол құрылысы өндірістік кәсіпоындарында материалдар дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін қолдануды, жұмыстарға жобалық және техникалық құжаттар толтыруды білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы
Негізгі әдебиет
  • 1 СН РК 1.03-00-2011* (по состоянию на 01.07.2013) Строительное производство. Организация строительства предприятий, зданий и сооружений. Взамен СНиП РК 1.03-06-2002* 2 Строительство автомобильных дорог: учебник / коллектив авторов; под ред. В.В. Ушакова и В.М. Ольховикова. – М. : КНОРУС, 2013. – 576 с. 3 Справочная энциклопедия дорожника. Том II. Строительство и реконструкция автомобильных дорог /Под. ред. А.П. Васильева –М.: Транспорт, 2005. 4 Справочник дорожного мастера. Строительство, эксплуатация и ремонт автомобильных дорог. – М.: Инфра-Инженерия, 2005. 5 Дубровин Е.К., Колкер И.Я., Старостин Ю.В. Проектирование производственных предприятий дорожного строительства. – М.: Высшая школа, 1975 – 352 с.