Автомобиль жолдарын АЖЖ

Сипаттама: Оқу барысында студенттер есептеу техникасын, математикалық модельдеу және мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдану негізінде автомобиль жолдарын жүйелік автоматтандырылған жобалау саласында қажетті білім мен дағдыларды алады, сонымен қатар заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгерген кең бейінді инженер-жолшыларды дайындайды.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің инженерлік ізденістерді өңдеу және автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып автомобиль жолдарының элементтерін жобалау саласында теориялық білімдерін, іскерліктерін және практикалық дағдыларын қалыптастыру және дамыту
Міндет
  •  автомобиль жолдарын автоматтандырылған жобалау жүйесінің негізгі элементтерін және автоматтандырылған жобалау принциптерін зерттеу;  автомобиль жолдарын автоматтандырылған жобалау жүйесінің номенклатурасын, мүмкіндіктерін және даму перспективасын зерделеу;  автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдалана отырып, автомобиль жолдарының элементтерін жобалау және инженерлік ізденістерді өңдеу бойынша практикалық дағдыларды алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кешенді инженерлік қызметте техникалық ғылымдар саласында базалық және арнайы білімді қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану және техникалық тапсырмаға сәйкес автомобиль жолдарының элементтерін жобалау технологиясы мен инженерлік ізденістерді өңдеу тәсілдерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бағдарламалық кешенде ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, жер жұмыстарының көлемін есептеу, жол жамылғысының оңтайлы құрылымын есептеу, шағын су өткізу құрылыстарын есептеу, автожолдарды жобалау саласындағы ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу қабілеті, орындаушылардың жекелеген топтарына, соның ішінде пәнаралық жобаларға басшылық жасау дағдыларын көрсете отырып, жеке жауапкершілік, кәсіби этика мен кәсіби қызметті жүргізу нормаларын ұстай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы
Негізгі әдебиет
  • 1. Бойков В.Н. Автоматизированное проектирование автомобильных дорог: учебник для студ. учреждений высш. образования / В.Н. Бойков, П.И. Поспелов, Г.А. Федотов; под. ред. В.Н. Бойкова. – М.: Издательский центр «Академия», 2015. – 256 с. 2. Федотов Г.А., Поспелов П.И. Изыскания и проектирование автомобильных дорог: Учебник. В 2 -х частях, Издательство: "Высшая школа" 2009. – 520 с. 3. Справочная энциклопедия дорожника 5 том "Проектирование автомобильных дорог"./Под ред. Г.А.Федотова, П.И.Поспелова – М.: Информавтодор. 2007. - 668 с.