Инженерлік геодезия

Сипаттама: Инженерлік құрылыстарды жобалау және салу, іздестіру жүргізу кезінде орындалатын инженерлік-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен өндіріс әдістері зерттелді. Студенттер инженерлік-геодезиялық желілерді зерттеу және салу әдістері, орталық жұмыстар, атқарушы түсірулер, желілік және алаңдық объектілердің құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету туралы дағдыларға ие болады.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Құрылыстарды және техникалық жабдықтарды іздестіру, жобалау, құру және эксплуатациялау кезіндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстардың әдістері мен технологиясын, жалпы қағидалары мен теориясын оқу.
Міндет
  • Азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі бөлу және басқа да жұмыстарының түрлерін орындау, инженерлік-геодезиялық торларды жобалау әдістерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи геодезиялық аспаптармен, геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе лекция. Инженерлік-геодезиялық ізденістер. Инженерлік құрылыстардың типтері. Жобалау, оның мазмұны. Жобалау кезінде қолданылатын нормативті құжаттар.
  • Пландық негіздеменің инженерлік-геодезиялық тораптары. Сұлбалар, құру дәрежелері, пункттердің тығыздығы. Құру әдістері
  • Әртүрлі дәрежелер құрылымдарының техникалық сипаттамасы. Триангуляция, трилатерация, полигонометрия тораптарының жобаларын бағалау
  • Жиілетудің арнайы тірек торлары. Құрылыс торлары.
  • Бөлу жұмыстары. Бөлу жұмыстардың жиілетілуі. Бөлу жұмыстары кезінде жүргізілетін
Негізгі әдебиет
  • Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высшая школа, 2009
  • Атрошко Е.К., Иванова М.М., Марендич В.Б. Геодезия в промышленном и гражданском строительстве. Гомель: БелГУТ, 2009
  • Фельдман В.Д., Михелев Д.Ш. Основы инженерной геодезии. – М.: Высшая школа, 1999
  • овак В.Е., Лукьянов В.Ф., Борисов Н.Н. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1989
  • Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – М.: Недра, 1990