Еңбекті қорғау

Букунова Альмира Шошановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Еңбекті қорғау саласындағы ұғымдарды қалыптастыру, еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттарды, ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін зерделеу, қауіпсіздік міндеттерін шешу, өндірістік санитарияның, қауіпсіздік техникасының, электр қауіпсіздігінің және өртке қарсы профилактиканың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, нақты өндірістік жағдайларда қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендету және жою.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Кәсіпкерлік және бизнестің құқықтық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерген жас мамандарды даярлау, адам қауіпсіздігі мен қорғалуына, оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығына қойылатын талаптармен тиімді кәсіби қызметтің үздіксіз бірлігі туралы мамандардың түсінігін қалыптастыру.
Міндет
  • - адамның еңбек қызметі мен демалыс аймақтарында қалыпты жағдай жасау; - адамды және оның тіршілік ортасын зиянды әсерлерден қорғау шараларын әзірлеу және іске асыру; - жаңа техника мен технологиялық процестерді оларды пайдалану қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жобалау; - шаруашылық объектілерінің және техникалық жүйелердің қалыпты жағдайда және ТЖ-ның жұмыс істеу тұрақтылығы; - ТЖ салдарын болжау және бағалау; - халықты, өндірістік персоналды авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың салдарынан қорғау және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану жөнінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құқықтық сауаттылығы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін еңбекті қорғау саласындағы базалық білімді меңгеру. Еңбекті қорғау саласында арнайы білімді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Еңбекті қорғау саласындағы сапаны басқару әдістерін және пайдалануда қолданылатын техниканың қауіпсіз жағдайын меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында білімді қолдану және әдістерді салыстырмалы талдау мүмкіндігіне ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Заманауи техникамен жұмыс істеу дағдысын меңгеру, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Еңбекті қорғау саласындағы негізгі нормативтік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларына ие болу және өндірісте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдану
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; мотивациялық сөйлеу; - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - тәжірбиелік жұмыстарды орындау.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып Кіріспе "Еңбекті қорғау" курсының мақсаты мен мазмұны; Курстың негізгі терминдері мен анықтамалары, мамандарды дайындаудағы рөлі; Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің теориялық негіздері
  • 2 тақырып Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері ЕҚ саласындағы ҚР Ұлттық саясаты; ЕҚ бойынша негізгі заңнамалық актілер және нормативтік құжаттар
  • 3 тақырып Еңбекті қорғауды басқару жүйесі; Кәсіпорындағы ЕҚ жай-күйін қадағалау және бақылау қызметін ұйымдастыру
  • 4 тақырып Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру
  • 5 тақырып Еңбек туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту
  • 6 тақырып Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу Жарақаттану мен кәсіби ауруларды талдау әдістері
  • 7 тақырып Еңбекті қорғау жағдайын бағалау критерийлері Еңбекті қорғауды насихаттау
  • 8 тақырып Өндірістік бөлмелердің метеорологиялық жағдайлары және олардың өзгеруіне әсер ету факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы) Адам ағзасына ауа температурасының, ылғалдылығының және қозғалыс жылдамдығының әсері Сәулелі жылу энергиясы, оның зиянды әсері
  • 9 тақырып Өндірістік бөлмелерді желдету Табиғи және механикалық желдету, артықшылықтары мен кемшіліктері
  • 10 тақырып Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс аймағының ауасындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы
  • 11 тақырып Өндірістік шаң Шаңның физикалық-химиялық қасиеттері; Химиялық құрамына байланысты шаңның адам ағзасына әсері
  • 12 тақырып Өндірістік жарықтандыру, есептеу талаптары мен әдістері
  • 13 тақырып Шу мен дірілден қорғау Адамға шу мен дірілдің әсер ету қаупі; Жабдықтарға, оның құрылымына қойылатын гигиеналық және техникалық талаптар, Шу мен діріл деңгейін бақылау әдістері
  • 14 тақырып Электр қауіпсіздігі; Электр тогының адамға әсері; Электр қауіпсіздігі бойынша үй-жайларды жіктеу; Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • 15 тақырып Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігі Жану туралы негізгі мәліметтер; Өрт себептері
Негізгі әдебиет
  • 1 Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 2 Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ. 01.07.2021 № 61-VII 3 Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ. ҚР 29.06.2021 № 58-VII өзгертулер мен түзетулермен 4 Безопасность и охрана труда в РК. Сборник нормативных актов. Правила требования. Типовые инструкции; Алматы: Lem , 2017 5 Охрана труда и техника безопасности в строительстве (СНИП РК 1.03-05-2011); Алматы: Lem , 2016 6 Дурановская Г.П. «Безопасность и охрана труда. Трудовое законодательство: комментарии, вопросы и ответы»; Алматы: Lem , 2017 7 Аипов А.Л. Охрана труда и безопасность жизнедеятельности; Учебное пособие .-Издания: Алматы 2021 г.-384с. 8 Даумова Г.К. Еңбекті қорғау: Оқу құралы. - Өскемен: ШҚМТУ, 2017.-134 б. 9 Бурашников Ю.М. Охрана труда в пищевой промышленности, общественном питании и торговле / Ю.М. Бурашников. - М.: Academia, 2018. 10 Васильев Н.Е. Охрана труда на железнодорожном транспорте: Учебное пособие / Н.Е. Васильев. - М.: Academia, 2018.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Нурбаева Н.А. Еңбекті қорғау пәнінен зертханалық пракикум: оқу құралы - Өскемен: ШҚМТУ, 2010.- 88 б. 2 Бурашников Ю.М. Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда на предприятиях пищевых производств / Ю.М. Бурашников. - СПб.: Гиорд, 2007. – 416с. 3 Воронкова, Л.Б. Охрана труда в нефтехимической промышленности: Учебное пособие для студентов учреждений среднего профессионального образования / Л.Б. Воронкова, Е.Н. Тароева. - М.: ИЦ Академия, 2012 4 Графкина, М.В. Охрана труда. Автомобильный транспорт: Учебник / М.В. Графкина. - М.: Academia, 2014 5 Минько, В.М. Охрана труда в машиностроении: Учебник / В.М. Минько. - М.: Academia, 2016. 273с. 6 Аманжолов Ж. Охрана труда и техника безопасности; Астана : Фолиант,2011