Жерге орналастыру мен кадастрдағы экономикалық-математикалық әдістер

Оралбекова Айнур Оралбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жер-кадастрлық жұмыстарымен айналысатын кәсіпорынның қызметін талдау үшін қазіргі қолданбалы математикалық әдістерді қолдануға бағытталған білім кешенін студенттерге қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент экономикалық-математикалық әдістердің жіктелуін, жерге орналастыру жобаларын және жерге орналастыру сызбаларын негіздеу кезінде экономикалық-математикалық моделдеуді, экономикалық-математикалық модельдеудің ерекшелігін біледі, ақпаратты статистикалық өңдеу тәсілдерін қарастырады.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Кадастр, жерге орналастыру, жерлерді бағалауда экономикалық-математикалық модельдерді құру және пайдалана білу
Міндет
  • жер кадастры, жерге орналастыру және жерлерді бағалауда экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана білуді студенттерге үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кадастрдың, жерге орналастыру, жылжымайтын мүлікті бағалаудың экономикалық-математикалық модельдерін және объектілерін жасау және пайдалану саласындағы білімдер
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кадастрлық жұмыстарда әдістер мен модельдерді қолдана білу. Әдістер мен модельдерді пайдалану технологиясын білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жерге орналастыру үрдісі мен кадастрлық жұмыстар моделін және модельдеу әдісін білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын орындау қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жерге орналастыру және кадастрдағы экономикалық - математикалық есептей білу. Жерді және басқа жылжымайтын мүлікті пайдаланудың отандық және әлемдік тәжірибесін қолдану, патенттік зерттеулер жүргізу, ғылми техникалық ақпаратты зерттеу негізінде іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, инновациялық шешімдерді іздеу және қабылдауды жүзеге асыру қабілеті.
Оқыту әдістері

Интерактивті лекцияларды қолдану (слайдтар түріндегі дәрістер, пікірталас, студенттік аудиториямен әңгімелесу).

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Компьютерлік аудиторияларда практикалық сабақтар өткізу)

Ізденіс-зерттеу (студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы)

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жерге орналастыруда және кадастрда модельдеудің экономикалық-математикалық әдістері
  • Модель және модельдеу ұғымы
  • Математикалық модельдердің жіктелуі
  • Математикалық моделдеу туралы негізгі түсініктер
  • Экономикалық-математикалық модельдердің жіктелуі
  • Модельдеу кезеңдері
  • Кіріс ақпаратын дайындау
  • Математикалық әдістер мен үлгілерді қолдану қажеттілігі
  • Экономикалық-математикалық әдістер мен модельді пайдалану кезінде қойылатын талаптар
  • Сызықтық бағдарламалау және сызықтық математикалық модельдер
  • Сызықтық бағдарламалау есептерін шешу нәтижелерін талдаудағы қос бағалау
  • Сызықты бағдарламалаудың арнайы есептері
  • Егіс алқаптарының құрылымын модельдеу
Негізгі әдебиет
  • Слепцова Л.А., Панченко В.В. Экономико-математические методы и моделирование. // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016
  • Попов А.М., Экономико-математические методы и модели: учебник для бакалавров/А.М. Попов, В.Н. Сотников; под ред. проф. А.М. Попова. – М.: Юрайт, 2011.
  • Стрелин, Б.В. Математическое моделирование производственно-экономических процессов: //ФГОУ ВПО «Саратовский государственный аграрный университет» им. Н.И. Вавилова. – Саратов, 2009
Қосымша әдебиеттер
  • Абчук В.А. Экономико-математические методы: Элементарная математика и логика. Методы исследования операций. – СПб.: Союз, 1999
  • Волков С.Н. Землеустройство. Экономико-математические методы и модели. Т.4. – М.: Колос, 2001
  • Гмурман Г.Е. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: Высшая школа, 1970
  • Ферестер Э., Ренц Б. Методы корреляционного и регрессионного анализа. – М.: Финансы и статистика, 1988