Теоретические основы землеустройства

Сипаттама: Пән жер кадастрының және жерге орналастыру тарихының теориялық негіздерін, табиғи ресурс және ауыл шаруашылығындағы өндірістің негізгі құралы ретінде жер ұғымын, Қазақстандағы және шет елдердегі жер реформаларының негізгі бағыттарын, сонымен қатар жер қатынастарын нормативтік-құқықтық реттеуді меңгеруге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жерге орналастыруды жобалаудың негізін, принциптерін және әдістерін игеру; объектілерді жобалауда және ауыл шаруашылық аймактарды ұйымдастыруда құқықтық, техника-экономикалық сұрактарды шешуді меңгеру.
Міндет
  • - жерге орналастырудың мазмұны және принциптері; - жерге орналастыру жобалардың түрлері; - жерге орналастырудың кезеңдері; - жерге орналастыру жобалардың ерекшеліктері; - жобалық құжаттарды құрастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ақпаратты алу, сақтау және өңдеу құралдарын, негізгі әдістерін және тәсілдерін басқару, компьютерлік технологияларды ақпаратпен жұмыс істеу құралы ретінде қолдануға дайындық қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Өзінің қызметінде Азаматтық кодексін, басқа да құқықтық құжаттарды пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ойлау мәдениетінің болуы, оның ортақ заңдарын білу, оның нәтижелерін жазбаша және ауызша дұрыс жеткізе білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жеке және топта нәтижелі жұмыс істей білу, жауапкершілік пен құзыретті кешенді мәселелерді шешу кезінде бөлісе білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жерді және басқа жылжымайтын мүлікті пайдаланудың отандық және әлемдік тәжірибесін қолдану, патенттік зерттеулер жүргізу, ғылыми техникалық ақпаратты зерттеу негізінде іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, инновациялық шешімдерді іздеу және қабылдауды жүзеге асыру қабілеті.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жердің табиғат ресурсы және өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері. Жердің жалпы өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасы және оның адам тіршілігінің әр түрлі салаларында функциялау заңдылықтары.
  • Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оңың мәні. Қазақстанның жер ресурстары. Жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
  • Жер туралы ұғым. Жер учаскенің идентификациялық белгілері. Олардың сипаттамасы. Жер пайдалану мен жер иелену туралы түсінік. Аумақты ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандары.
  • Жер қатынастары туралы түсінік. Жер қатынастарының мемлекеттік реттеу. Жер реформасының түсінігі. Қазақстандағы жер реформасының негізгі бағыттары. Жерді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету.
  • Жерге орналастырудың пайда болуы. Жерге орналастырудың теориялары. Алғашқы жерге орналастыру жұмыстары. Жерге орналастырудың заманауи түсінігі.
  • Жерге орналастыру және басқа жер-шаруашылық салалары.
  • Жерге орналастыру даму заңдылығы. Жерге орналастырудың мемлекеттік сипаты. Жерге орналастырудың мақсаты, мазмұны, нысаны және функциялары.
  • Әр түрлі аймақтарда жерге орналастыру жүргізудің ерекшеліктері.
Негізгі әдебиет
  • 1 Волков С.Н. Землеустройство. Теоретические основы землеустройства. Т.1. - М.: Колос, 2001. - 496 с. 2 Волков С.Н. Землеустройство. Экономика землеустройства. Т.5. - М.: Колос, 2001. - 456 с. 3 Волков С.Н. Землеустроительное проектирование. Внутрихозяйственное землеустройство. Т.2. - М.: Колос, 2001. - 496 с. 4 Липски С. Правовое регулирование отношений при проведений землеустройства. - М.: КноРусс, 2018. - 106 с. 5 Земельный кодекс РК от 20 июня 2003 года № 442-II
Қосымша әдебиеттер
  • 6 Инструкция по межхозяйственному землеустройству Алматы, 1995 7 Инструкция по внутрихозяйственному землеустройству, - Алматы, 1995