Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курс жерге орналастыруды және кадастрды жүргізу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды; тірек аралық желіні құру әдістерін, кадастрлық карталарды (пландарды), берілген ауданы бар жер учаскелерін жобалау әдістерін және осы учаскелердің шекарасын нақтыға шығаруды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге келесі аталған пән бөлімдері туралы түсінік білім беру:
  • - ізденіс жұмыстары, жерге орналастыруды жобалау және жерді кадастрлық бағалау барысында жүргізілетін, топографиялық негіздерді құру барысында орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы және мазмұны туралы;
  • -жобаны нақтыға көшіру, шығару әдістері туралы;
  • - теодолиттік және нивелирлік жүрістерді салу, топографиялық түсіріс өндірісі, геодезиялық тірек торларын тұрғызу туралы әдістері туралы;
  • - жер телімдерінің ауданын анықтау әдістері туралы;
Міндет
  • - жер бөліктерінің аудандарын есептеудің іс жүзіндік тәжірибесі; - жерге орналастырудың әртүрлі есептеулерін шешу үшін қажетті жергілікті жердің топографиялық картасын қайта түзетуге және құрастыру; - инженерлік –геодезиялық өндірісте пайдаланылатын геодезиялық аспаптармен құралдарды пайдалануды игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Әртүрлі топографиялық-геодезиялық жұмыстардың мазмұны және құрамы.
  • Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандырудың өндірістік әдісі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімі:
  • -топографиялық картамен план бойынша графикалық және есептік сипаттағы тапсырмаларды шешу;
  • -жер телімінің ауданын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын шығару және қалпына келтіруді анықтау және тәсілін таңдау;
  • Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарда межелеу және инвентаризациялауды жүргізу барысындағы топографиялық-геодезиялық жұмыстардың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпараттарды талдау, негізделген пікір айта білу және жер аудандарын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын қалпына келтіру, нақтыға көшіру тәсілдері туралы негізделген қортынды жасай алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - кешенді мәселелерді шешу барысында ұжым мүшесі ретінде және жеке тұлға ретінде жауапкершілікпен құзіреттілікті бөлісумен тиімді жұмыс істей білу;
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функциясын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - жерге орналастыру және кадастр мәселелерін геодезиялық аспаптармен құралдардың көмегімен шешу;
  • - жерге орналастыру және кадастр жобасын нақтыға көшіру барысындағы инженерлік-геодезиялық есептеулер.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жерге орналастырудың пәні мен міндеттері
  • Жерге орналастыру түрлері, олардың жіктелуі және міндеттері
  • Жер учаскесін таңдау кезеңінде орындалатын жұмыстар
  • Түсірілімдерді түзету
  • Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар кезінде пайдаланылатын пландық-картографиялық материалдар Далалық жұмыстар
  • Камералдық жұмыстар
  • Жер учаскелерінің ауданын есептеу
  • Жер және қалалық кадастрдағы геодезиялық жұмыстар
  • Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды куәландыру
  • Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып топографиялық пландар мен карталарды жаңарту
  • 1:5000, 1:2000, 1:1000 және 1:500 масштабтарындағы топографиялық түсіру
  • Жерге орналастыру жобаларын геодезиялық қамтамасыз ету
Негізгі әдебиет
  • Б. Апшикур., Калигожина Ж.К. Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар: әдістемелік оқу құралы 5В071100 «Геодезия және картография», 5В090300 «Жерге орналастыру», 5В090700 «Кадастр» мамандықтарындағы (бакалавриат) күндізгі және сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. / ШҚМТУ баспасы.-Өскемен, 2018.- 160 бет.
  • Основные положения об опорной межевой сети. М.,2002 г.
  • Методические рекомендации при проведении межевания объектов землеустройства. М., 2003 г.
  • Методические рекомендации по проведению землеустройства при образовании новых и упорядочении существующих объектов землеустройства. М., 2003г.
  • Маслов А.В., Юнусов А.Г., Горохов Г.И. Геодезические работы при землеустройстве. – М.: Недра, 1990
  • Геодезические работы при землеустройстве: метод. указания к лабораторным работам по направлению подготовки 21.03.02 «Землеустройство и кадастры» / Е.С. Денисова. – Пенза: ПГУАС, 2016. – 34 с.
  • Волков С.Н. Землеустроительное проектирование Т 2, 3. - М.: Колос, 2001
  • Ю.К.Неумывакин, М.И.Перский. Земельно-кадастровые геодезические работы М., 2005г.
Қосымша әдебиеттер
  • Гладкий В.А., Спиридонов В.А. Городской кадастр и его картографо-геодезическое обеспечение. М.: Недра, 1992.
  • Багратуни Г.В. и др. Инженерная геодезия. М.: Недра, 1984.
  • Батраков Ю.Г. Геодезия. М.: Недра, 1990.
  • Инженерная геодезия в строительстве. М.: Высш. шк., 1984.
  • Курошев Г.Д., Смирнов Л.Е. Основы геодезии и картографии: Учеб. пособие. СПб.: Изд-во СПбГУ, 1994.
  • Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5000, 1:2000, 1:1000 и 1:500. М.: Недра, 1985.