Маркшейдерлік және геодезиялық өлшеулердің санағы

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Математикалық өңдеу-ғылыми немесе практикалық құндылығы бар сандық мәндерді алу үшін бастапқы ақпараттың есептеуіш түрлендірулерінің кешені. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, өлшеу қателіктерін есептеу процесінде сөзсіз және кейбір шектерде сандық белгісіз есепке алу қажеттілігінен тұратын ерекшелікке ие.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Маркшейдерлік-геодезиялық құралтану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Маркшейдерлік статистика және геодезиялық өлшемдердің математикалық өңдеудің теориясы бойынша жоғарғы геодезия және қолданбалы геодезияның, дайындау профильіне сәйкес әртүрлі есептерін шешу үшін теориялық және ісжүзіндік білімдерді меңгеру.
Міндет
  • Құрамында кездейсоқ не болмаса, жүйелік қателіктің болуы мүмкін бірнеше тәуелсіз қателіктер барысындағы саны көп емес өлшеулер бойынша өлшенген шама функциясының дәлдігін бағалауды игеру; орташа квадраттық және дөңгелектеудің шекті қателігі арасында жуық сандармен есептелінген дәлдікті бағалауды үйрену; бірдей шаманы тура бірдей дәлдікпен өлшеу, сондай-ақ тең емес дәлдікте өлшеулердің әдістемесі және нәтижесін өңдеу; инженерлік геодезияда өлшенетін шамалардың дәлдігін бағалау үшін, ең кіші квадраттар принципін қабылдауды үйрену, өлшенетін бұрыштарды, трангуляцияның, полигонометрияның және теодолиттік жүрістердің қарапайым пішіндерінде теңестіру тәсілін ісжүзінде қабылдау және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарды, геодезияның техникалық құралдарын, геодезиялық өлшеулермен олардың нәтижесін математикалық өңдеу, сондай-ақ карта құрастыруға қажетті есептеу техникаларымен ақпараттарды автоматты өңдеу құралдарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобалық –конструкторлық жұмыстарды орындауды және жобалық және технологиялық құжаттарды сәйкесті стандарттарға, техникалық шарттарға және басқада нормативті құжаттар шартында, оның ішінде жобаны автоматтандыру құралын пайдаланып орындауды білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық –құрылымдық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, ұйымдастыру және тау-кен геологиялық зерттеулерді жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымнның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Зерттеу жүргізуге қолданыстағы әдістерді жетілдіру және алдыңы қатарлы әдістерді ендіру, тау-кен саласындағы ғылыми техникалық үдеріс жетістіктерін пайдаланып техника және технологияларды жетілдіруге мобильді және қабылдау дағдысын арттыру.
Оқыту әдістері

- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: ведущая (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

- берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;

- ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

- ізденіс-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

- оқу тапсырмаларын шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Қателерді жіктеу және өлшеу дәлдігінің сипаттамасы
  • Өлшенген шамалар функциясының орташа квадраттық қатесі
  • Бірнеше тәуелсіз қателер болған кезде өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық қатесі
  • Дәлдіктері бірдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерінің салмағы
  • Жалпы арифметикалық орта, оның салмағы және орташа квадраттық қате
  • Қос өлшеулердің әр жұптағы дәлдігін бағалаудың жалпы жағдайы
  • Өлшеу қателіктері теориясының принципі
  • Тәуелсіз жанама тең дәлдікті өлшеулердің нәтижелері бойынша белгісіз ең сенімді мәндерін анықтау
  • Түзету теңдеулері
  • Шарт тәсілі бойынша тікелей өлшеу нәтижелерін теңестіру (шартты өлшеу тәсілі)
  • Триангуляцияның кейбір қарапайым фигураларында бұрыштарды шарттар тәсілі бойынша теңдестіру
  • Теңдеудің топтық тәсілдері
Негізгі әдебиет
  • Теория математической обработки геодезических измерений: Учебное пособие в двух книгах. /Под общей редакцией Ю.И. Маркузе. - М.: МИИГАиК, 2005
  • Большаков В.Д., Маркузе Ю.И. Практикум по теории математической обработки геодезических измерений. – М.: Недра, 1984
  • Высшая геодезия. Системы координат и преобразования между ними [Текст]: учеб.-метод. пособие. /Под ред. К.Ф. Афонина. – Новосибирск: СГГА, 2011
  • Основные положения о государственной геодезической сети. - М.: ЦНИИГАиК, 2004
  • Фельдман В.Д., Михелев Д.Ш. Основы инженерной геодезии. – М.: Высшая школа, 1999
Қосымша әдебиеттер
  • Г.А. Нефѐдова В.А. Ащеулов, «Теория математической обработки геодезических -измерений в конспективном изложении», Учебное пособие, Новосибирск, СГГА, 2009.
  • http://www.geokniga.org/books/18752
  • Лесных, Н.Б. Теория математической обработки геодезических измерений. Теория ошибок измерений [Текст]: учеб. пособие / Н.Б. Лесных. – Новосибирск.: СГГА, 2010. – 43 с.
  • http://basemine.ru/07/teoriya-matematicheskoj-obrabotki-geodezicheskix-izmerenij/
  • http://www.studentlibrary.ru/book/ISBN9785829129811.html