Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B11303 - Жол қозғалысын ұйымдастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жол-көлік оқиғаларын және жол қозғалысының экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-басқару, жобалау-іздестіру, бақылау-қадағалау қызметіне бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- жол қозғалысын тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- ЖКО және олардың жағымсыз салдарын төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;

- көліктің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу.
Кәсіби қызмет объектісі:

- ЖКО-да зардап шеккен адамдар және авариялық жағдай аймағындағы материалдық құндылықтар;
- ЖКО зардаптарына және тасымалдау процесінің кідіруіне байланысты қауіптер;
- әлеуетті қауіпті көлік процестері мен өндірістері;
- көлік процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары;
- клиенттер, жүктер мен автомобильдер ағымдары ;
- ҚР ІІМ саптық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
- көлік процесін басқару құралдары мен жүйелері;
- алғашқы еңбек ұжымдары және т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- инновациялық;
- жобалау-технологиялық;
- өндірістік-технологиялық;
- зерттеу;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- жол қозғалысын ұйымдастыру мен жетілдіру;
- ЖКО және авариялық жағдайлар кезінде саптық бөлімшелер құрамында жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;
- ЖКО және апаттық жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- ЖКО жағдайында тіршілік әрекетін қамтамасыз ету;
- көлік үрдісінің қауіпсіздігін басқарудың геоақпараттық жүйелерін пайдалану.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
2. Кәсіби қызметте компьютерлік графиканы практикалық қолдану дағдысын, тасымалдау процесін ұйымдастыру кезінде жұмыс құжаттамасын өңдеу тәсілдерін меңгеру Инженерлік графика дағдыларын алу; кәсіби қызмет саласында компьютерлік графиканы пайдалану
Көлік заңнамасы және бизнестің құқықтық ортасы саласында арнайы білімді, кәсіпкерлік қызмет саласында экономикалық талдау дағдыларын меңгеру
3. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық білдіру Автокөлік құралдарын орнату бойынша арнайы білімді меңгеру, оларды техникалық жағдайын басқару әдістерін түсіну және игеру үшін қолдану
Әртүрлі жағдайларда жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі әдістері, бірыңғай көлік жүйесі құрамында логистика әдістері мен принциптерін қолдана отырып көлік процесін басқару тәсілдері туралы білімді меңгеру
4. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
5. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
6. Математика және физика саласындағы міндеттерді шешу, инженерлік құрылыстарды жобалау және салу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу әдістерін меңгеру Қалалық қоныстардың инженерлік және көліктік инфрақұрылымын перспективалы орналастырудың жобалау-техникалық құжаттамасын әзірлеу шеңберінде қалалық қатынас жолдарын жобалау кезінде геодезиялық ізденістерді жүргізу әдістерін меңгеру
Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-зерттеу пәндері саласында базалық білім алу
7. Кәсіби міндеттерді тиімді орындау, кәсіби және жеке даму үшін қажетті ақпаратты іздестіруді және пайдалануды жүзеге асыру Көлік процесін ұйымдастыру және материалдық ағындарды талдау кезінде алгоритмдеу саласындағы білімді қолдану
Автокөлік құралдары жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын тиімді қолданудың қозғалыс қауіпсіздігіне жол жағдайларының әсері, автокөлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігін бағалау саласындағы білімді меңгеру
8. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жедел және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру Көлік процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны сақтау білімін меңгеру
Компьютерлік моделдеу негізінде жол - көлік оқиғаларының пайда болу жағдайлары мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басқару әдістері мен принциптерін талдау дағдыларын алу
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер