Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B07302 - Геодезия және картография
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби жағдайларда функционалдық сауаттылығын және бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын, әр түрлі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауда біліктілік саласында білімін нәтижелі үйлестіру ерекшелігіне ие, геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған өңдеу құралдарын меңгерген, қазіргі заманғы геодезиялық және фотограмметриялық аспаптар мен құралдармен және деректерді өңдеу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алатын мамандардың кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Әскери-өнеркәсіптік кешенді, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысты қоса отырып, экономиканың барлық салалары, Жер ресурстарын басқару, жер кадастрын жүргізу және т. б. саласындағы мемлекеттік органдар.
Кәсіби қызмет объектісі:

- Жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер;
- ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары;
- азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар;
- пайдалы қазбалар кен орындары;
- жер учаскелері, қалалық аумақтар;
- табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық, оқу-тәрбие);
- өндірістік-басқарушылық;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
- жобалау.
Кәсіби қызметінің функциялары:

-геодезиялық, топографиялық түсірістерді, пландық-картографиялық материалды түзетуді ұйымдастыру және жүргізу, жер учаскелерін бөлу;
- сандық топографиялық және тақырыптық пландар мен карталарды, жергілікті жердің сандық модельдерін және жер бедерін құрастыру;
- геодезиялық, аэрофототүсіру, іздестіру, зерттеу және картографиялық жұмыстарды жүргізуді басқару және ұйымдастыру;
- геоақпараттық деректер базасын жүргізу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Картографиялық-геодезиялық өндірісті тиімді жүргізуді ескере отырып, инженерлік құрылыстарды іздестіру, жобалау, салу және пайдалану, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар кезінде геодезиялық жұмыстарды орындау қабілеті Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау ерекшеліктерін ескере отырып, картографиялық-геодезиялық өндірісті ұйымдастырудың, жоспарлаудың және басқарудың негізгі принциптерін және түрлерін білу.
Геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарды, ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, есептеу техникасын және геодезиялық өлшеу және олардың нәтижелерін математикалық өңдеу үшін, сондай-ақ карталар жасау үшін пайдаланылатын ақпаратты автоматтандырылған өңдеу құралдарын білу.
Заманауи геодезиялық жабдықтармен және құралдармен, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен геодезиялық жұмыстарды істеу дағдысын меңгеру.
5. Табиғи ресурстарды зерттеу және кәсіби қызмет кезінде қажетті ғылыми зерттеулер мен инженерлік іздестірулерді, өлшеу нәтижелерін математикалық өндеуді және оларды интерпретациялауды жүзеге асыру қабілеті Инженерлік құрылыстарды іздестіру, жобалау, салу және пайдалану кезінде Жердің геологиялық құрылысы, метеорология, климатология және гидрология, кадастр негіздері бойынша білімге ие болу
Кәсіби қызметте қажетті зерттеу, ғылыми, жобалау жұмыстарын орындау дағдысына ие болу, геодезиялық өлшеу нәтижелерінің дәлдігін өңдеу мен бағалауды орындауды істей білу
6. Әртүрлі әдістермен тірек геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық торларды мен арнайы мақсаттағы торларды құру, дамыту және қайта құру кезінде геодезиялық жұмыстарды орындау қабілеті Экономика объектілерінің құрылысын және қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін геодезиялық пландық-биіктік негіздемені құруды істей білу
Ақпаратты талдау, негізделген пікір айту және әртүрлі геодезиялық өлшеулерді жүргізу тәсілдері және оларды қолдану шарттары туралы негізделген қорытынды жасау
7. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы жерүсті және аэроғарыштық кеңістіктік ақпаратты алудың негізгі технологиялық процестерін жүзеге асыру, табиғи ресурстар мен объектілерді зерттеу нәтижелерін моделдеу және интерпретациялау кезінде қашықтықтан зондтау мәліметтерін және ГАЖ технологияларын пайдалану қабілеті Қазіргі заманғы географиялық және жер-ақпараттық жүйелерді, графикалық, кадастрлық және басқа ақпаратты қазіргі деңгейде дайындау және қолдау тәсілдерін білу
План мен карталарды жасау және жаңарту, табиғи ресурстар мен объектілердің мониторингісін жүргізу үшін аэрофототүсіріс жұмыстарының кешенін, ЖҚЗ деректерін және аэротүсіріс материалдарын өңдеуді фотограмметриялық әдістермен орындауды істей білу
8. Территорияның картографиялауын қамтамасыз ету үшін астрономиялық анықтамаларды, топографиялық-геодезиялық, аэрофототүсірістік, фотограмметриялық, гравиметриялық жұмыстарды орындау қабілеті Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жобалау және жүргізу кезінде ақпаратты, астрономиялық, гравиметриялық өлшеулердің, жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылаулар нәтижелерін жүйелеу және бағалауды істей білу
9. Өнеркәсіптік және құрылыс алаңдарында инженерлік құрылыстарды іздестіру, жобалау және салу кезінде орындалатын геодезиялық жұмыстар кешенін жүзеге асыру қабілеті. Қазіргі заманғы технологиялар мен бағдарламалық құралдарды пайдаланып, экономика объектілерін геодезиялық және маркшейдерлік қамтамасыз етуде геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдана білу.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер