Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B11202 - Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару
(Бірлескен ББ - Бауман атындағы ММТУ (Ресей))
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Төтенше жағдайлар саласында жаңа жетістіктерді енгізе отырып, жағымсыз табиғи және техногендік жағдайлардың пайда болу тәуекелдерін азайтатын іс-шараларды болжау және іске асыру, мониторинг әдістемелерін игеру арқылы бәсекеге қабілеттілікті, сауатты кәсіби маманның қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін білім беру ортасын қалыптастыру болып табылады.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың теріс салдарларын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
- авариялық-құтқару техникаларын, жабдықтары мен жарақтарын және т. б. сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Кәсіби қызмет объектісі:

- төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халық және материалдық құндылықтар;
- адам қызметінің зардаптары мен табиғи құбылыстарға байланысты қауіптер;
- әлеуетті қауіпті технологиялық процестер мен өндірістер;
- адамдарды, экономика объектілерін және мекендеу ортасын қауіптерден және зиянды әсерлерден қорғау әдістері мен құралдары;
- тіршілік ету ортасындағы антропогендік әсерлерді және қауіптіліктерді нормалау ережелерін, қауіп-қатердің дәрежесін анықтаудың әдістері мен тәсілдері;
- апаттық-құтқару жұмыстарын орындау амалдары мен әдістері;
- апаттық-құтқару құралымдарының қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
- апаттық-құтқару жабдықтары мен техникасы;
- төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге көмек көрсету құралдары;
- басқару мен байланыс жүйелері мен құралдары;
- біріншілік еңбек ұжымы және т.б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- төтенше жағдайлар кезінде апаттық-құтқару бөлімшелерінің құрамында жұмыстарды ұйымдастыру және орындау.
- төтенше жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- апаттық-құтқару техникасы мен жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету.
- төтенше жағдайлар кезінде тіршілік әрекетін қамтамасыз ету.
- елді мекендердің, объектілердің топографиялық карталары мен схемаларын пайдалану.
- қызметкерлердің лауазымдары бойынша, жұмысшылардың бір немесе бірнеше кәсіптерді, жұмыстарды орындау.
- төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті басқару үшін геоақпараттық жүйелерді пайдалану.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Өзін-өзі талдау және адамгершілікте өзін-өзі реттеу, сондай-ақ ұжыммен және серіктестермен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын, ынтымақтастық ережелерін меңгеру Этикалық шешімдер қабылдау үшін әлеуметтік-мәдени және тұлғалық жағдайлардың философиялық аспектісін талдау. Әлеуметтік мәселелер бойынша өз пікірін негізді түрде білдіру.
5. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық білдіру Құбылыстар мен процестерді сыни бағалау, заңдылықтарды сипаттау, болжам жасау. Механикалық жүйелерді құрастыруда инженерлік графика дағдылары мен біліктерін қолдану.
Кәсіби және жеке даму міндеттерін өз бетінше анықтау, өз бетімен білім алу, біліктілікті арттыруды саналы жоспарлау
Өз қызметін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді шешудің типтік әдістерін таңдау, олардың тиімділігі мен сапасын бағалау
6. Кәсіби және жеке даму, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздестіру және пайдалануды жүзеге асыру Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Кәсіби қызмет барысында технологиялардың жиі ауысуын бағдарлау
7. Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлауды жүзеге асыру Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және орындау
Ықтимал қауіпті өнеркәсіптік және табиғи объектілерге мониторинг жүргізу. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болжау
8. Төтенше жағдайларға әрекет етудің келешекте жоспарлауды жүзеге асыру Төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу
Төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу. Авариялық-құтқару құрамаларында қызмет өткізуді ұйымдастыру.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер