Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 7M07304 - Автомобиль жолдары
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Функционалдық сауаттылықты және кәсіби жағдайда бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды жобалаумен, салумен және пайдаланумен байланысты ғылым мен техника саласы
Кәсіби қызмет объектісі:

Жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері; бюролар; жол-құрылыс бейіндегі компаниялар, фирмалар және ұйымдар (кәсіпорындар)
Кәсіби қызмет түрлері:

- Есептік-жобалық және техникалық-экономикалық;

- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- Өндірістік-технологиялық және пайдалану;
- Құқықтық, сараптамалық және консультациялық;

- Ғылыми-зерттеу;

- Білім беру (педагогикалық)
Кәсіби қызметінің функциялары:

Автомобиль жолдарын және жасанды құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану, зерттеу, кешенді жұмыс істеуі бойынша іс-шараларды әзірлеу. Автомобиль жолдарының жай-күйін жобалау, салу және пайдалану мониторингін қамтамасыз ету.

Ғылыми зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерді жүргізудің жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушылар үшін жеке тапсырмалар дайындау; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, орындалған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар, жарияланымдар дайындау.

Орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру; оқу-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу, жариялау, енгізу
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми-әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті Шет тілін С1-С2 халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларында меңгеру; халықаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болу
3. Педагогикалық қызметке қатысу қабілеті Оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды ескере отырып, педагогикалық қызметті жүзеге асыру
4. Ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу қабілеті Кәсіби қызмет шеңберінде зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру
Ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру
Зияткерлік меншікті қорғау және рәсімдеу ережелерін білу
Зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білу, нақты зерттеудің міндеттеріне сүйене отырып, бар әдістерді түрлендіру және жаңа әдістерді әзірлеу
5. Жобалау-технологиялық қызметке қатысу қабілеті Қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, бағдарламалық-есептеу кешендерін және автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып, автомобиль жолдарын жобалауды орындау қабілетіне ие болу
Құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын, автомобиль жолдарын салу технологиясының әдістері мен тәсілдерін білу
6. Ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысу қабілеті Ұйымның даму стратегиясын анықтау және бағалау, ұйымдастыру-технологиялық шешімдерге бастамашылық жасау, нарық жағдайында ұтқырлыққа және бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін жедел шешімдер қолдану
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері