Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
1. Зерттеу есептерін шешу үшін әртүрлі пәндер шеңберінде алынған білімді интеграциялау қабілеті. |
Қоғамдық өмірде ғылым мен білімнің рөлі туралы, ғылыми танымның дамуындағы заманауи үрдістер туралы түсінікке ие болу. |
Ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды дамыту және қолдану үшін білімді пайдалану, мәселелерді шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау. |
2. Қаржылық ақпараттың үлкен көлемін қорыту және талдау, бизнестің құны мен тиімділігін бағалау үшін көрсеткіштерді есептеу және болжау қабілеті. |
Ақпаратты сандық және сапалық талдау әдістерін, модельдерді құру және бизнес-талдау құралдарын қоса алғанда шешім қабылдауды қолдау дағдыларын меңгеру. |
3. Қаржы саласындағы ұғымдар мен санаттарға сүйену қабілеті, қаржы нарығының әртүрлі сегменттерін құру және өзара іс-қимыл схемаларында бағдарлану. |
Зерттеу саласын жүйелі түсінуді, осы салада қолданылатын зерттеу дағдылары мен әдістері бөлігінде шеберлікті көрсету; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету. |
4. Қаржыны басқару саласында қаржылық ақпаратты талдау әдістерін қолдану және алынған мәліметтерді оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану қабілеті. |
Қор нарығының даму үрдістерін анықтау және оның қатысушыларына кеңес беруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты есептеу, талдау және түсіндіру. |
Макроэкономикалық тиімділік және банк саласының қауіпсіздігі болжамдарын әзірлеуді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді дайындау, олардың мониторингін жүзеге асыру. |
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайына тереңдетілінген талдау жүргізу, олардың одан әрі даму перспективаларын анықтау. |
5. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын басқару саясатын әзірлеу және іске асыру, бизнесті дамыту сценарийлерін моделдеу, қаржыны басқару саласында барабар басқару шешімдерін әзірлеу қабілеті. |
Қаржылық тәуекелдерді сәйкестендіру және өлшеу, сандық экономика жағдайында тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін тұжырымдамалық қалыптастыру.
|
Активтерді бағалау, айналым капиталын басқару, инвестициялық шешімдер және қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау үшін қаржылық менеджменттің негізгі әдістері мен принциптерін қолдану. |
Қаржы міндеттерін шешу үшін активтерді бағалау мен портфельді басқарудың құндық құралдарын пайдалана отырып, кәсіпорынның қаржы бөлімінің қызметін басқару. |
6. Қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты қолданбалы міндеттерді шешуге деректерді зияткерлік талдау әдістерін қолдану қабілеті. |
Цифрландыру жағдайында қаржы саласындағы міндеттерді қою және шешу үшін үлкен деректерді өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін және тиісті ақпараттық технологияларды қолдану |