Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
1. Құрылымдалған болжамсыз ортада АЖ-ны жобалау және басқару саласында ғылыми эксперименттер жүргізу, ғылыми зерттеулер әдістері мен құралдарын пайдалану және дамыту қабілеті |
Ғылыми зерттеулер жүргізу, АТ нарығының әлемдік даму тенденцияларын білу, АКТ саласындағы іс-шараларды бағалау және стратегиялық шешімдерді әзірлеу үшін аналитикалық материалдарды дайындау |
Кәсіпорында дербес және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оны басқару |
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді қалыптастыру, оларды жүзеге асыру үшін стандартты емес әдістерді қолдану |
2. Өзінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару қабілеті |
Жоғары мектептегі педагогика және психология бойынша базалық білімді меңгеру, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау |
3. Әртүрлі қосымшаларды жобалау үшін цифрлық дизайн білімін пайдалану қабілеті |
Үшөлшемді модельдеу үшін компьютерлік графиканың математикалық әдістері білімін қолдану |
4. Адам-машиналық өзара әрекеттесу процедурасы шеңберінде коммуникация процесі тұрғысынан коммуникациялық диалогтарды құрудың негізгі іргелі тұжырымдамаларын, жобалау әдістерін меңгеру |
Пайдаланушы интерфейсін жобалаудың және құрастырудың заманауи құралдарын (прототиптеу құралдарын қоса алғанда), объективті және субъективті usability тестілеуді өткізу кезінде пайдаланушы интерфейсін тестілеудің заманауи құралдарын меңгеру. |
5. Нақты уақыт жүйелерінің қызмет ету алгоритмдері мен әдістері, архитектурасы білімін пайдалану қабілеті |
Нақты уақыт жүйелерінің бағдарламаларын әзірлеуде жүйелік құралдарды қолдану, нақты уақыт жүйелерінің сипаттамалары мен тиімділік көрсеткіштерін есептеу және талдау |
6. Виртуалды және толықтырылған шынайылық қосымшаларын жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті |
VR/AR қосымшаларда мультимодальды пайдаланушылардың өзара әрекеттесуі және қабылдау технологиялары бойынша негізгі білімді қолдану |
Интерактивті қосымшаларды әзірлеудің заманауи әдістерін қолдану |
7. Ақпараттық сервистерді құру және пайдалану процестерін басқару қабілеті |
Ойын және веб интерфейстерді жүзеге асыру үшін қосымшаларды әзірлеудің заманауи әдістерін қолдану |
Интуитивті түсінікті қимыл интерфейсі бар нақты мобильді қосымшаны әзірлеу үшін бағдарламалық құралдар мен қолданбалы бағдарламалардың интерфейстерін таңдау және бағалау |
8. Кәсіби қызмет объектілерінің әртүрлі модельдеріне арналған жоғары жүктемелі масштабталатын жүйелерді әзірлеу қабілеті |
Бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жоғары жүктемелі масштабталатын жүйелерді әзірлеудің заманауи құралдары мен технологияларын игеру |