Қалыпталатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
1. Ғылыми - әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті |
Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; АТ саласындағы қазіргі заманғы өзекті әдістемелік, әдіснамалық мәселелерді сипаттау |
Философия және ғылым әдіснамасы саласындағы білімді қолдану |
Интернет желісінде, ғылыми және мерзімді әдебиетте зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибенің ғылыми-техникалық ақпаратын жинауды, талдауды және жүйелеуді ұйымдастыру |
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті |
Шет тілін С1-С2 халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларында меңгеру; ұлтаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болу |
3. Білім беру концепцияларын жүйелі талдау және таңдау қабілеті |
Жоғары мектептегі педагогика және психология бойынша базалық білімді меңгеру, жоғары білімнің замануи парадигмасын сипаттау |
4. Модельді құру үшін әдістерді таңдаудың дұрыстығын дәлелдеу, эксперименталды деректер мен алынған шешімдердің нәтижелерін талдау, алынған нәтижелерді көрсету және сауатты түсіндіру қабілеті |
Машиналық оқыту әдістерінің негіздерін, өңдеудің математикалық әдістерін, ғылыми және кәсіби зерттеулердің нәтижелерін талдау мен синтездеуді қолдану |
Қазіргі заманғы өңдеу әдістері негізінде ғылыми және кәсіби зерттеулер нәтижелерін талдау мен синтездеуді ұйымдастыру |
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді әзірлеу, оларды іске асыру үшін тиімді әдістерді қолдану |
5. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әдіснамалық негіздерінде үлестірілген архитектурасы бар ақпараттық процестер мен жүйелерді сипаттау және әзірлеу қабілеті |
Ақпараттық процестер мен жүйелерді моделдеудің модельдері мен технологияларын сипаттау және әзірлеу |
6. Ақпараттық сервистерді құру және пайдалану процестерін басқару, контентті басқару жүйелерін бейімдеу үшін объектілі-бағытталған бағдарламалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілеті. |
Инновациялық жобаларды орындау үшін бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және пайдалану |
7. Нақты уақыт жүйелерінің қызмет ету алгоритмдері мен әдістері, архитектурасы білімін пайдалану қабілеті |
Нақты уақыт жүйесі бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүйелік құралдарды қолдану, нақты уақыт жүйесінің сипаттамалары мен тиімділік көрсеткіштерін есептеу және талдау |
8. Есептеу процестерін оңтайландыру үшін жоғары өнімді бағдарламалық-аппараттық кешендердің желілік қауіпсіздігін жобалау, реттеу және қамтамасыз ету қабілеті |
Деректер мен есептердің параллелизмін қамтамасыз ететін параллельді және көп ағынды қосымшаларды. NET Framework платформасында өңдеу және жөндеу әдіснамасын практикада қолдану |
WCF API-интерфейстерінің көмегімен бөлінген жүйелердің компоненттерін жобалау технологиясын қолдану |
Үлестірілген архитектурасы мен қажетті ақпараттық қауіпсіздігі бар жоғары өнімді есептеу жүйесінің жобасын құру, жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін баптау және сүйемелдеуді ұйымдастыру және желідегі қауіпсіздікті қолдау |
9. Бағдарламаның дұрыстығы мен сапасын бағалау үшін верификациялаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті |
Бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын талдау, Бағдарлама тапсырыс берушісінің спецификациясы мен тілектеріне сәйкестігін тексеру, бағдарламалық қамтамасыз етудің қателерін анықтау және жою |