Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мақсаты осы саладағы білімді, іскерлікті және тәжірбиелік дағдыларды қамтитын қазіргі индустриялық даму жағдайында ғылыми, өндірістік және білім беру қызметін жүргізу кезінде орман шаруашылығы және елді мекендерді көгалдандыру саласында қолдануға қажетті жалпы және арнайы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

«Қазақстандағы орман шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары»,
- орман тұқым шаруашылығын жүргізу әдістері, іріктеу және генетикалық негізде тұрақты орман тұқым базасын ұйымдастыру;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық: орман шаруашылығын ұйымдастыру және басқару саласында кәсіби компьютерлік бағдарламаларды меңгеруді қамтамасыз етеді; бәсекеге қабілетті және іскер ортада кәсіпкерлік және қаржылық қызметтің нысандарын, принциптерін және стратегиясын зерттеу
Кәсіби қызмет объектісі:

ҚАЗОРҒЗИ,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасының барлық орман шаруашылығы кәсіпорындары, республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік орман мекемелері; акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, ЖШС, жасылдандыру және т.б.
орман шаруашылығы; орман шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттары; жоғары, орта кәсіптік
оқу орындары; ағаш өңдеу кәсіпорындары;
Кәсіби қызмет түрлері:

ормандарды қорғау, бастапқы, аралық және рекреациялық орман пайдалану, орман дақылдарын өсіру және көгалдандыру материалдарын өсіру, елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Орман шаруашылығы, орман шаруашылығын және көгалдандыру жұмыстарын сапалы бақылау және жүргізу функцияларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылымның негізгі мәселелерін, оның функциялары мен даму заңдарын қозғау, ғылыми және әдіснамалық сәйкестікті идеологиялық бағдармен біріктіру. Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтап, ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; Орман шаруашылығы саласындағы ағымдағы әдістемелік, методологиялық мәселелерді сипаттау
2. Ормандарды қорғау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті Ерекше табиғатты қорғау, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар жалпыұлттық игілік объектілерін пайдалану ережесін білу
Орман өртінің алдын алу, дер кезінде байқау және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау, келтірілген залалды анықтау
3. Шет тілдерін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдалану мүмкіндігі. C1-C2 халықаралық стандарттар деңгейінде шет тілін және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларын игеру; халықаралық ортада жұмыс істей білу.
4. Жүйелі талдау және оқу тұжырымдамаларын таңдау қабілеттеріне ие болу. Жоғары білім берудегі педагогика мен психология туралы базалық білімге ие болу, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау.
5. Селитебті аумақтарда екпе ағаштар мен өсімдік композицияларын қалыптастыру қағидаларын білу және қолдана білу Ландшафтық сәулет нысандарын жобалау және пайдалану, қоныстану аумақтарындағы жасыл желектер мен саябақтарды құру және қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау.
6. Орман экожүйелерінде құрылымдық-функционалдық байланыстарды анықтау және орман ресурстарының негізгі элементтерін бағалау үшін зерттеудің ғылыми әдістерін қолдану қабілеті Орман ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін, орманның өнімділігі мен экологиялық функцияларын сақтау әдістерін, биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауды білу
Орман пайдалану тәжірибесіне орман ресурстары мен пайдалылығын есепке алу мен бағалауға арналған инновациялық технологияларды, технологиялық жабдықтар мен бағдарламалық жүйелерін қамтамасыз етуді білу және енгізу
7. Орман шаруашылығы тәжірбиесінде ғылыми зерттеу әдістерін талдау, әзірлеу және пайдалану қабілеті Ғылыми зерттеулердің басым негізгі бағыттарын, орман шаруашылығында тәжірибе жүргізу әдістемесін, оларды бағалау және нәтижелерді ұсыну әдістерін білу
8. Орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыру және ормандарды қарқынды молықтырудың технологиялық базасын кеңейту үшін биотехнология әдістерін пайдалану қабілеті Орманның генетикалық ресурстарын сақтау және молықтыру үшін биотехнология және гендік инженерия әдістерін білу және қолдану, берілген белгілері бар өсімдіктердің жақсартылған нысандарын жедел жасау; ормандардың фитосанитариялық жай-күйін бағалау және мониторингілеу, орманды қорғаудың биологиялық құралдарын құру
9. Рекреациялық пайдалану үшін орман алқабын қалыптастыру принциптерін білу және түсіндіре білу Рекреациялық мақсаттағы ландшафтық сәулет нысандарын жобалау, құру, пайдалану және қайта құру бойынша базалық білімді меңгеру
10. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін бастапқы материалдарды алу және оны орман алқаптарын қалыптастыру үшін пайдалану Тұқым қуалаушылық қасиеттері бар бағалы және себу сапасы жоғары тұқым алудың қазіргі заманғы әдістерін білу; ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдарын өсірудің инновациялық технологияларын қолдану
Орман өсімдіктерін аудандастыру принциптеріне және орман биогеоценоздарының даму заңдылықтарына, орман экожүйелеріндегі құрылымдық және функционалдық байланыстарына сәйкес орман өсірудің заманауи әдістерін білу және меңгеру