Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B04102 - ІТ-менеджмент
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Цифрлы экономиканы дамытудағы кез-келген іс-әрекеттегі және меншік нысандарында ақпараттық технологияларды, ресурстар мен процестерді басқару саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық, құзыретті және сұранысқа ие түлектер мамандарын даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- өндірістік және ағымдағы өндірісті басқаруды енгізу;
- кәсіпорынның ақпараттық жүйесін дамытудың стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарларын әзірлеу және енгізу;
- кәсіпорында бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін тиімді жобаларды іске асыруға бағытталған басқару шешімдерін әзірлеу.
Кәсіби қызмет объектісі:

мемлекеттік органдардың әртүрлі меншік нысандары, қызмет салалары, құқықтық нысандары, оқу орындары және ақпараттық жүйелерді дамыту және пайдалануды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары
Кәсіби қызмет түрлері:

-ұйымдастырушылық және басқарушылық,
- қаржылық жоспарлау,
-маркетингтік қызмет;
-ақпараттық және талдамалық,
- инновациялық,
- жобалау-зерттеу жұмыстары.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Кәсіби қызметтің функциялары:
- өндірісті дамыту мен басқарудың негізгі бағыттарын жоспарлау;
- басқару мақсаттары мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігі;
- өндіріс құрылымы мен басқару құрылымын қалыптастыру, өндіріс аппаратының оңтайлы құрылысы;
- технологияларды және өндіріс технологиясын жетілдіру;
- персоналды ынталандыру, олардың жұмысын жандандыру;
- басқару қызметінің барлық аспектілерін үйлестіру және бақылау;
- материалдық және материалдық емес өндіріс саласындағы инновацияларды енгізу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Ұлттық және әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі үрдістерді анықтау қабілеті, бизнес-үрдістерді басқару дағдыларын меңгеру Экономика, менеджмент, есеп, қаржы саласындағы ұғымдар мен санаттарға сүйену, жаhандық және аймақтық экономикалық үрдістерді талдау
Кәсіби қызметте ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау және олар үшін жауапкершілік алу
5. Деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру қабілеті, алынған нәтижелерді талдау және мазмұнды түсіндіру Қаржы-экономикалық ақпараттарды өңдеу үшін құрал-саймандық құралдарды қолдану, алынған нәтижелерді негіздеу
Математикалық әдістерді пайдаланып, статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу қабілетін меңгеру
6. Кәсіби қызметте ұйымдастыру - басқару шешімдерін табу қабілеті және оларға жауапкершілік алуға дайын болу Белгісіздік және тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру және нақты экономикалық жобаны іске асыру үшін құрылған шағын топтың қызметін ұйымдастыру
Есептелген экономикалық көрсеткіштерді талдау және бағалау, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау
7. Кәсіпорынның стратегиялық және ағымдағы қызметін басқару бойынша кәсіби міндеттерді орындау, кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүзеге асыру қабілеті Адам капиталын басқару, кәсіпорынның кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану саласында білімді меңгеру, этикалық мінез-құлық нормаларын меңгеру
Кәсіпорынның стратегиялық және ағымдағы даму міндеттерін қоюға және іске асыруға, инновациялық қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалауға, сапа стандарттарын сақтауға қабілетті
8. Басқару саласындағы кәсіби функцияларды жүзеге асыру үшін менеджменттің, маркетингтің, болжаудың жіне деректерді талдаудың функционалдық салаларында түйінді тұжырымдамаларды интеграцияла қабілеті Қазіргі математикалық әдістер мен ақпараттық ағындарда бағдарлау және экономикадағы динамикалық өзгеріп отыратын құбылыстар мен үрдістерге бейімдеу
Басқарудың әртүрлі деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдауда сапалық және сандық әдістерді қолдана білу, қазіргі математикалық әдістерге бейімделу
9. Тиісті сандық технологияларды, құралдарды және теорияларды пайдалана отырып, бизнес және басқару саласындағы кәсіби функцияны жүзеге асыру қабілеті Экономиканы цифрландыру және инновациялық технологияларды дамыту контекстінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін алынған білімді пайдалана білу, тәуекелді жағдайларды шешуге кәсіби түрде кірісу
Кәсіпорынды, саланы, мемлекеттібасқарудың әртүрлі деңгейлерінде цифрландыру саласында ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана білу