Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B11203 - Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласында шешімдерді қабылдауға қабілетті, өз деңгейлері бойынша практикалық дағды мен кәсіби білімдері сәйкес келетін және өндірістік, экологиялық қауіпсіздікті, табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жүйелер, аппараттар, аспаптар мен қоршаған ортаны инженерлік қорғау бойынша заманауи әзірлемелердің әдістері мен жобалау сұлбаларын эксперименттік-зерттеу қызметінде, ұйымдастырушылық-басқару және өндірістік-технологиялық қызметте қолдана білетін сұранысқа ие мамандарды дайындау

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Түлектер экологиялық қауіпсіздік саласындағы бөлімдерде, қызметтерде және қадағалау органдарында, табиғи ортаны қорғаудың инженерлік жүйелерінің жобаларын әзірлейтін жобалау ұйымдарында; қызмет барысында ықтимал қауіпті заттарды пайдаланатын кәсіпорындарда, тау-кен металлургиялық және тау-кен өндіру өндірістерінде, экологиялық сараптама жүргізу орталықтарында; өнеркәсіптік кәсіпорындар мен энергетика кәсіпорындары мен мекемелерінде, мұнай-газ кешені мен сумен жабдықтау кәсіпорындарының техникалық қызметтерінде; ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдары мен мекемелерінде сұранысқа ие.
Кәсіби қызмет объектісі:

- адам және адам қызметімен байланысты қауіптер;
- адам қызметімен байланысты өмір сүру ортасының қауіптілігі;
- қауіпті табиғи құбылыстарға байланысты тіршілік ету ортасының қауіптілігі;
- қауіпті технологиялық процестер мен өндірістер;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер;
- техногендік және табиғи қауіптерді және оларды іске асыру тәуекелін бағалау әдістері мен құралдары;
- техногендік және табиғи қауіптерден адам мен тіршілік ортасын қорғау әдістері мен құралдары;
- қоршаған табиғи ортаға қауіп пен антропогендік әсерді нормалау ережесі;
- адамды құтқару әдістері, құралдары.
Кәсіби қызмет түрлері:

- жобалау-технологиялық;
- жобалау-конструкторлық;
- сервистік-пайдалану;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- сараптамалық, қадағалау және инспекциялық-аудиторлық;
- ғылыми-зерттеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

- Табиғат қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау және ұйымдастыру, ол тексерулерге (жоспарлы, нұсқамалардың нәтижелері бойынша, жоспардан тыс) және тұрақты есептілікке қатысуды қамтиды.;
- Кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау тиімділігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу, табиғатты қорғау инвестицияларын негіздеуге қатысу және әзірленген іс-шараларды енгізуді қамтамасыз ету;
- Апат жағдайында іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Кәсіпорын қызметінің ҚР заңнамасы мен нормативтерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Өнімнің экологиялық сипаттамаларын жақсарту, шикізатты, материалдар мен жабдықтарды таңдау бойынша шешім қабылдауда экологиялық критерийлерді есепке алу;
- ҚР Заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ШЖШ, ШЖШ, ҚОӘБ және т. б. құжаттар мен нормативтерді әзірлеу және ұйымдастыру;
- Қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласында жобалау-іздестіру және эксперименттік-зерттеу жұмыстарын орындау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласында, өзінің кәсіби қызметінде техника мен технологиялардың дамуының заманауи үрдістерін ескеру қабілеті. алдыға қойылған міндеттерді шешу үшін ақпараттық технология, есептеу мен өлшеу техникасын қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласындағы техника мен технологиялардың мүмкіндігін бағалау.
қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттердіің маңыздылығын анықтау
5. Ұжымдағы жұмыс істеу кезінде кәсіби функцияларды орындауға дайын болуы. экологиялық жүйелер, ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша нақты міндеттерді шешу үшін кәсіби қызметте алынған білімдерді қолдану
ұжымдағы кәсіби мақсаттар мен міндеттерді анықтау дағдыларын игеру
6. Дайындау бейіні бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу қабілеті : зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жүйелеу, эксперименттерге қатысу, зерттеу нәтижелерін өңдеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы нәтижелерді талдау мен практикада қолдану
қазіргі жаһандық және аймақтық экологиялық мәселелер, экологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер туралы және жалпы қоршаған ортаны инженерлік қорғау туралы ақпаратты меңгеру.
7. қоршаған ортаның ластануы мен қауіпсіздік критерийлері бойынша технологиялық қондырғының элементтерін есептеу әдістерін қолдану қабілеті технологиялық қондырғының экологиялық қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету саласында инженерлік шешімдерді әзірлеу нәтижесінде алынған әзірлемелер мен енгізулерді практикада қолдану
қауіптіліктен қоршаған ортаны және адамды қорғау әдістері мен жүйелерін, белгілі құрылғыларды жетілдіру мен таңдау, аса қауіпті өндірістің қауіпсіздік факторын бағалай білу
8. Қоршаған ортаның қорғауды қамтамасыз етудің практикалық міндеттерін шешу бойынша орындаушы ретінде жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру қабілеті әртүрлі өндіріс телімдерінде өндірістік үрдісті жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру
қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру саласында басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру жоспарын әзірлеу мен талдау.
9. ҚР қолданыстағы заңнамасымен регламенттелген әртүрлі мақсаттағы объектілердің қауіпсіз жай-күйін тексеруді жүзеге асыруға, олардың қауіпсіздігін сараптауға қатысуға дайын болу. жүйелердің жағдайын бағалау әдістері мен құралдарын қолдану; қоршаған ортаны қорғау саласындағы қадағалау мен бақылау сұрақтары бойынша заңнамалық құжаттарды және алған білімдерін практикалық қызметте қолдану.
Табиғи ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін, қоршаған ортаның сапасын басқарудың құқықтық, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық негіздерін, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тиімділігі мен залалын бағалау әдістерін дәлелді түсіндіру