Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B07306 - Кадастр
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақстан Республикасының жер қорын тиімді пайдалану мақсатында кадастр, жерге орналастыру, геодезия, картография, ақпараттық және ГИС-технологиялар, экономика және менеджмент саласындағы білімді табысты үйлестіре отырып, кәсіби жағдайларда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілік таныта алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- жердің геодезиялық және топографиялық түсірілімдері;
- ГАЖ және сандық технологияларды пайдалана отырып фотограмметриялық жұмыстар және жерді картографиялау;
- мемлекеттік жер кадастрын және МЖК ААЖ жүргізу;
- жерді пайдалану мен қорғауға мониторинг, мемлекеттік бақылау жүргізу;
- жер-бағалау жұмыстарын жүргізу.
Кәсіби қызмет объектісі:

- барлық санаттағы жер ресурстары, меншік және пайдалану түрлері;
- нысаналы пайдалану және меншік нысандары бойынша бөлінуіне қарамастан, қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер шекарасындағы объектілер мен жылжымайтын мүлік түрлері.
Кәсіби қызмет түрлері:

Кәсіби қызметінің функциялары:

Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Жобалау-өндірістік қызметінде топографиялық карталармен, геодезиялық және басқа да далалық жабдықпен жұмыс істеу қабілеті; спутниктік позициялау жүйелерінің көмегімен кеңістіктік деректерді жинауды жүзеге асыру Геодезиялық түсіру және жерді картографиялау өндірісінің білімі мен дағдысына ие болу, геодезиялық және фотограмметриялық аспаптармен және жабдықтармен, компьютерлік технологиялармен, геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау әдістерімен жұмыс істей білу
Владеть навыками работы с геодезическими и фотограмметрическими приборами, оборудованием и инструментами, специализированным программным обеспечением.
5. Кәсіби қызметте және табиғи ресурстарды зерттеуде қажетті ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістерді жүзеге асыру қабілеті Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау кезінде Жердің геологиялық құрылымы, Метеорология, Климатология және Гидрология, кадастр негіздері бойынша білімі болуы
Мәліметтерді математикалық және статистикалық өңдеуді, геодезиялық өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды орындай білу
6. Жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, сондай-ақ оларды қорғау мақсатында әртүрлі бағыттағы жерге орналастыру жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру қабілеті Жердің геологиялық құрылымын және топырақ түзілу процестерін, жер және басқа да табиғи ресурстарды бағалау әдістемесін, жер және қала құрылысы кадастрларын жүргізу кезінде жер ресурстарын болжау, ұтымды пайдалану және қорғау принциптерін білу.
Жер ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша жобалау, жобалау алдындағы және болжамды материалдарды әзірлеу кезінде әртүрлі әдістемелерді қолдану.
7. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, Жер ресурстарын басқару стратегиясын әзірлеу қабілеті Жерге орналастыру және кадастрды жүргізуде заманауи ГАЖ технологиясын қолдана білу
8. Жер ресурстарын басқару саласындағы мәселелерді тиімді шешу мақсатында жерге орналастыру және кадастрлық кәсіпорындардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті. Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу процестерін басқару және ұйымдастыру дағдысының болуы, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және басқа да іздестіру және зерттеу жұмыстарын шешу кезінде жер заңнамасын қолдану.
9. Кәсіби қызметте жер ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын басқару принциптерін қолдану қабілеті Ақпараттық деректер базасымен жұмыс істеу дағдысын және ұғымдық аппаратты меңгеру, жылжымайтын мүлікті бағалау тәсілдерін, нарықтық құнды анықтау әдістері мен құралдарын, алынған нәтижелерді келісу әдістерін білу