Жастар ісі жөніндегі комитет

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің Жастар ісі жөніндегі Комитеті - əлеуметтік жəне азаматтық даму Департаментінің құрылымдық бөлімшесі. ЖІЖК студент жастарды қолдау мақсатында құрылған. ЖІЖК қала мен облыстағы өзге де қоғамдық жəне жастар ұйымдарымен тығыз байланыста.

Мақсаты:

  • Студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру;
  • Студенттің ішкі потенциалын дамыту;
  • Айналадағыларға қатысты игі ниеттілікті тəрбиелеу;
  • Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарына қатыстыру, университеттегі студенттік өмірге байланысты сұрақтарға бірлесіп шешім табу;
  • Студенттер санатынан көшбасшыларды айқындау жəне топ құруға мүмкіндік жасау;
  • Студенттік көшбасшы топтардың басқарушылық қабілетін дамыту;
  • Еріктілер қозғалысын дамыту;
  • Студенттің өзіндік ынтасын қалыптастыру.

Міндеті:

  • Жастар саясатын жүзеге асыру;
  • Мемлекеттің бағдарламалардың (соның ішінде «Рухани жаңғыру» жəне т.б.) жүзеге асу барысына университеттің студент жастарының қатысуын қамтамасыз ету;
  • Азаматтық ұстанымды қалыптастыру, саяси институттармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, жастардың саяси белсенділігн дамыту;
  • Интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетті дамыту, студент жастардың өзін-өзі қалыптастыруына қол ұшын тигізу;
  • Университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
  • Университет жастарының мəселелеріне қатысты сұрақтарға тəжірибелі жəне өзекті шешім табуда жоғарғы органдармен, жастар ұйымдарымен қатынас жасау.