Студенттік кәсіподақ

"Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Студенттік кәсіподақ ұйымы" - "Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және облыстық кәсіподақ ұйымының конференциясында өндірістік – салалық және әкімшілік-аумақтық қағидаттар бойынша құрылады, оның филиалы құқығында әрекет етеді.

"Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Студенттік кәсіподақ ұйымы" - университеттің белсенді студенттерінің ерікті бірлестігі, сондай-ақ Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің басшылығымен анықталатын студенттердің дербес қоғамдық қызметі.

Студенттік кәсіподақ студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал ету мақсатында, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу үшін және студенттердің мәселелерін шешуге, әр түрлі өмірлік жағдайларда көмек көрсетуге және бастамаларды қолдауға бағытталған. Барлық негізгі жұмыс кәсіподақ ұйымының құрылымын құрайтын белсенді топпен жүзеге асырылады,оған төраға, факультеттердің профоргтары, мәдени-көпшілік іс-шаралар, қайырымдылық және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл секторлары кіреді.

Студенттік кәсіподақ өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады, Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің және университеттің кәсіподақ комитетінің көмегі мен қолдауын пайдаланады.

ШҚМТУ студенттер кәсіподағы студенттер қызметінің барлық салаларын қамтиды.

Студенттер кәсіподағының белсенді қызметі:

  • кафедралар, факультеттер, университет және қала деңгейінде түрлі тақырыптағы іс-шараларды (конкурстар, акциялар, жарыстар) ұйымдастыру және өткізу 
  • ШҚМТУ студенттеріне қайырымдылық көмек көрсетіліп, мұқтаж студенттерге киім-кешек сатып алынды.
  • ШҚМТУ студенттерінің кәсіподағы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жастар ісі жөніндегі комитетпен "Нұр Отан" филиалы және басқа да көптеген ұйымдармен жұмыс жасайды.