Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және қадағалау бөлімі

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және қадағалау бөлімі дербес құрылымдық бөлімше ретінде университеттегі құжаттамалау үдерісін ұйымдастыру мен бақылау, және де құжаттаманы басқару жұмысымен айналысады, оның құрамына кіреді:

Бөлім бакстығының - Даутова Жадра Толегеновна;

Бөлімнің мамандары:

  • Берікова Арайлым;

Аудармашы:

  • Сырымбаева Ғалия Мәуітханқызы.

Іс қағаздарын жүргізу туралы үлгі нұсқаулыққа орай іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және қадағалау бөлімінің қызметкерлері негізгі ағымды жұмысты орындайды, күн сайын бұйрықтарды, хаттарды, әдістемелік нұсқауларды, өтініштерді, қызметтік жазбаларды, өтінімдерді тіркеп, қол қоюға жібереді, газеттерді таратады. Құжаттар (ақпарат, іс-шаралар жоспарлары, ақпар) көшіріліп, құрылымдық бөлімшелерге таратылады. Сонымен бірге, күнделікті поштаға (сәлем сауқат, бандероль), ұйымдар мен кәсіпорындарға шығыс хаттарын және басқа да корреспонденцияны жеткізу жүргізіледі.