Шетел ғалымдарды тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылы «Қазақстанның жоғары  оқу орындарына  шетел ғалымдар мен кеңесшілерін тарту» бағдарламасын іске асыру үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 90 млн тенге бөлді.

Бағдарламаның шартына  сәйкес ғалымдардың  сапар шегу мақсаты:  магистранттар мен Phd докторанттарға дайындық сабақтарыy өткізу және дәрістер оқу; Phd докторанттарының диссертациялық жұмыстарын басқару, инженерлік зертханаларда өткізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу. Сонымен қатар шетелден келген ғалым-консультанттар ШҚМТУ қосымша студенттеріне дәрістер оқыды және оқытушыларға арналған курстарды өткізді.

Университеттің серіктестес байланыстарының географиясы осы бағдарламаның арқасында елеулі түрде кеңейе түсті.

Бағдарламаны іске асыру кезінде төмендегі оқу орындарымен ынтымақтастық туралы  келісім-шарттар және келісімдер жасалды:

Баку мемлекеттік университеті, Азербайджан Тынық мұхит мемлекеттік университеті, Хабаровск қаласы, РФ
Канада менеджмент институті, Канада Санкт-Петербург мемелекеттік инженерлық -экономикалық университеті, Ресей
Статистика, есеп және аудит ұлттық академиясы, Киев қаласы, Украина Люблин политехникалық университеті, Польша
Обуда университеті, Будапешт қаласы, Венгрия Берлин қолданбалы ғылымдар университеті, Берлин қаласы, Германия
Акита Университеті, Жапония Штутгарт университеті, Германия

Осы бағдарлама шеңберінде  2012 жылғы қаңтар айынан бастап 57 ғалым университетке келген болатын; соның ішінде 19 – алыс шетелдің, 38 – таяу шетелдің өкілдері.

90 млн теңгеге шақырылған шетел ғалымдарының келіп-қайту жолы,  Өскемен қаласында тұру және атқарған жұмыстар төлемақысы, сондай-ақ визаны рәсімдеу сияқты ілеспелі  шығындары кіреді.

Шетел мамандарын шақыру барысында оқыту сипаты өзгерді: құзыреттілік тәсілге бағдарланған білім сапасына көп мән беріліп бастады, студенттердің тілдерді білу дайындығына  көп көңіл бөліне бастады. (Құзыреттілік тәсіл – бұл білім беру мақсатын нақтылаудың, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім беру  үдерісін ұйымдастырудың және білім беру нәтижелерін бағалаудың жалпы  қағидаларының жиынтығы). Университеттiң профессор-оқытушылар  құрамы да тілдерді зерделеуде белсенділік білдірді.

ШҚМТУ профессор-оқытушылар құрамының және бірге шақырылған дәріскерлердің бірлескен жұмысы нәтижелері бойынша 3  тілде (ағылшын, қазақ, орыс) оқу-әдiстемелiк әдебиеттiң топтамасы басып шығарылды.  2012 жылғы 07 желтоқсанға  дейін 17 әдебиет атауы шығарылды, 6 оқу-әдістемелік құрал баспада жариялануға әзірленуде.

Сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда, соның ішінде импакт-факторы нольден жоғары халықаралық ғылыми басылымдарда мақалаларды бірлесіп жариялау жоспарлануда  Thomson Reuters компаниясы ақпараттық базасының немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін мәліметтер бойынша.

Д.Серiкбаев  атындағы Шығыс - Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетiне Қазақстан Республикасының үкiметiмен «Шетел ғалымдары және консультанттардың Қазақстанның жетекшi ЖООларына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылы   90 миллион теңге бөлінген болатын.

Бағдарламаның шартына сәйкестi магистранттар  және PhD докторанттарына консультациялар өткiзу және  дәрiстер оқу, PhD докторанттарының диссертациялық жұмыстарың басқару, инженерлiк зертханалардың ғылыми зерттеулеріне қатысу ғалымдардың сапарының  мақсаты болып   табылады.

Тартылған кеңесші-ғалымдар аталмыш жұмыстардаң басқа ШҚМТУ студенттеріне дәріс оқып, оқытушыларына курстар жүргізді.

“Тарту” бағдарламасы бойынша 2013 жылы ғалымдарды шақыру үшін Министірліктің ұсынысы бойынша шакырылған елдер.

  • Еуропа елдері
  • Оңтүстiк-шығыс Азия  елдерi
  • АҚШ
  • Беларусь Республикасы
  • Украина
  • Ресей Федерациясы

2013 жылдың аяғына тартылған ғалымдар және консультанттардың саны: 49 адам

  • Таяу шетелден келген  ғалымдардың саны – 29;
  • Алыс шетелден келген  ғалымдардың саны – 19 (бір ғалым екі факультетке келген).

Тартылған ғалымдар және консультанттардың ел тұрғысындағы саны:

2013 жылы тартылған ғалымдардың қатысуымен Д.Серiкбаев атындағы ШҚМТУ мен таяу және алыс шетел ердердің университеттері мен кәсіпорындары арасындағы жаңа келесім шарттардың саны.

  • Cәулет-құрылыс факультеті – 4 (2 – Ресей, 1- Германия, 1 - Польша)
  • Тау-кен металлургиялық факультеті – 1 (Германия)
  • Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті – 4 (1 – Германия, 1 – Польша, 2 - Ресей)
  • Машина жасау және көлік факультеті – 3 (1- Германия, 2 - Польша)
  • Экономика және менеджмент факультеті – 3 (1-Украина, 1 – РФ, 1 - Польша)