Ғылыми-зерттеу жобаларын сүйемелдеу кеңсесі университеттің ғылыми және инновациялық бастамаларын біріктірудің негізгі буыны болып табылады. Кеңсе жоғары технологиялық салаларға баса назар аудара отырып, ғылыми-зерттеу жобаларын жүйелі қолдауға, талдауға және іске асыруға маманданған.
Кеңсенің негізгі қызметі келесі міндеттерді шешу болып табылады:
- Ғалымдардың, білім алушылардың және индустриялық серіктестердің өзара іс-қимылына ықпал ететін зерттеулердің интеграцияланған кластерін құру.
- Зерттеу жұмысының сапасы мен нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми жобаларды жүйелі қолдау мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
- Ғылыми зерттеулердің максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін ресурстарды пайдалануды оңтайландыру.
- PhD докторанттар мен постдокторанттарды даярлауға жүйелі көзқарас және соның салдарынан докторлық диссертацияларды қорғау санын және диссертациялық кеңестер санын арттыру.
- Әр түрлі қаржыландыру көздерінен зерттеулер жүргізу арқылы университеттің ғылыми бөлімшелерінің қаржылық тұрақтылық жүйесін және инновациялық ғылыми инфрақұрылымын дамыту.
- Технологиялар трансферті және тақырыптық бейіндік зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша іс-шаралар өткізу.
- Ғылыми бастамаларды қолдау үшін қаржылық ресурстарды белсенді іздеу және тарту, сондай-ақ ғылыми жобалардың шығындарын оңтайландыру.
- Ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру жүйесін және білім, ғылым мен өндірістің тиімді өзара іс-қимылын құру.
- Жабдықтар паркіне техникалық сүйемелдеу және сервистік қызмет көрсетуді жоспарлау және байланысты инженерлік жүйелер, шығын материалдарын сатып алу арқылы жабдықтар паркінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.