Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторы

Мақсаты: Кадрлық әлеуетті нығайту, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметінде кадрлық резервті дайындауда көмек көрсету;

Міндеті: Университеттің ПОҚ құрамының ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтарының, ғылым магистрі санын көбейту.

Жұмыс бағыты, негізгі функциялары:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторы магистратура және докторантура бойынша оқу үдерісін ұйымдастырады. Магистранттар мен докторанттардың сабаққа қатысуы бойынша қадағалау жұмысын жүргізеді, докторлық диссертацияның жетекшілігі бойынша ғылыми кеңесшілерінің жұмыстарын ұйымдастырады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізудің жоспар-графигін құрастырады, оған (ЛИП) «IРГЕТАС» инженерлік бейіндегі зертхана базасында зертханалық-тадламалық зерттеулер, барлық оқу мерщімі бойынша докторанттардың іссапары графигі, оның ішінде ғылыми тағылымдамалар, халықаралық конференцияларға қатысу кіреді. Магистранттар мен докторанттардың шетелдің алдыңғы қатарлы ғылым және білім беру мекемелерінде ғылыми стажировка өтуге іс-сапарын қадағалайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды ұйымдастыруды (кешенді емтихан қабылдау және МАК құрамы), магистратураның және докторантураның ғылыми-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Докторанттардың академиялық икемділігін қадағалау жөніндегі үйлестіруші болып табылады.

Барлық білім алушыларға мамандықтың барлық пәндерін меңгеру бойынша қолайлы жағдай жасайды.