Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы университеттің ең көне кафедраларының бірі, оның құрылу жылы – 1960. Кафедраның алғашқы меңгерушілері Левченко Б.Ф., Жақсылықов М.Ф.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі Даумов Болатбек Айшабекұлы.

Кафедраның ғылыми және кадрлық әлеуеті: 14 оқытушы. Олардың ішінде: Оның ішінде: 1 профессор, педагогика ғылымдарының докторы, 2 аға оқытушы, 12 оқытушы.

Кафедра жұмысы үшін регламенттеуші құжаттар:

  •  «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2014 жылғы 3 шілде №228-V ЗРК);
  • «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы (2008 жылғы 2 қыркүйек, №498);
  • Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы (2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168)
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.) "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" (05.10.2018 ж.)

Осы құжаттардың негізінде университеттің спорт базасының шарттары мен мүмкіндіктері, студенттер контингенті, оқытушылар құрамының біліктілігі есепке алынатын жұмыс бағдарламасы жасалады.