ҒЗЖ

Кафедрадағы ғылыми – зерттеу жұмыстары Шығыс аймақпен, тау – кен ісімен тығыз байланысты. Өзекті стратегиялық мәселе болып инновациялық технологиялардың дамуын, Қазақстан Республикасы мен көршілес шет елдерге қызмет көрсету саласын қамтиды.
Кафедрада «Геодезия, жерге орналастыру мен кадастр аумағындағы инновациялар мен ГАЖ технологиялардың дамуы» атты мемлекеттік бюджеттік ҒІЖ өткізіледі. Оған кафедраның барлық құрамы мен профессорлық оқытушылар құрамы қатысады.

Бұл жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инженерлік геодезия (жауапты: кафедра меңгерушісі PhD докторы Рахымбердина М.Е.). Заманауи аспаптарды қолдану инженерлі – геодезиялық жұмыстардың жетілуіне ықпал етеді.
  • Кадастр және геоақпараттық технологиялар (жауапты: т.ғ.д. Максимоов В.А., PhD докторы  Тогузова М.М.). Табиғи ресурстарды қорғау мен оларды тиімді пайдалану мақсатында қазіргі сәтте кадастрлық жұмыстың технологияларының (табиғи ресурстар туралы ақпараттық банк, жерді кадастрлық бағалауды бағдарламалық қамтамасыз ету) геоақпараттық жүйелерін құру қажеттілігінің туындауы.

2018 жылдың 28 наурыз бен 30 наурыз аралығында Алматы қаласының Әл-Фараби ат. ҚазҰУ базасы негізінде «Геодезия және картография» мамандығы бойынша «Мемлекеттік «Сандық Қазақстан» бағдарламасы барысында геодезия мен картографияның рөлі» атты Х Республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Олимпиадада Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, К.И.Сатпаев ат. ҚазҰЗТУ, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ, Халықаралық Құрылыс корпорациясы, С.Сейфуллин ат. ҚазАУ студенттері қатысты.
5В071100 «Геодезия және картография» мамандығының студенттері жыл сайын Республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысады. Олар арнайы білімдерін тереңдетіп, практикалық тәжірибелерін дамытады.
Республикалық олимпиаданың нәтижесі бойынша «Гео-Восток» атты  мына студенттерден құрылған ЖтҒФ факультеті, ГЖжК кафедрасының командасы – А.Женисова, А.Оразаева, А.Сақып және команда жетекшісі Касымов Д.К. жүлделі ІІ орынға ие болды.