Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра Ресей, Германия, АҚШ, Чехия Республикасы, Өзбекстан, Қазақстан Республикасы мен ШҚО ұйымдармен кәсіпорындармен тығыз шығармашылық қарым – қатынас орнатып, жұмыс жасайды. Осының арқасында барлық озық іс-шараларды үнемі біліп, өзара ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кафедра Штутгарт (Штутгарт, Германия) университеті, Бойт Университетінің қолданбалы ғылымдар университеті (Берлин, Германия), Сібір мемлекеттік геосистемалар және технологиялар университеті (Новосибирск, Ресей Федерациясы), Масарык ат. Университет (Брно, Чехия), Ташкент суару және мелиорация институты (Ташкент, Өзбекстан) сияқты әлемнің танымал университеттерімен ынтымақтасады.

03.09.18 - 29.09.18 аралығында шетел оқытушысы Мартин Метцнер (Штутгарт, Германия) 6M090300 «Жерге орналастыру» және 6М070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандықтарының магистранттары үшін «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында сабақ өткізді.

«Дәлдік Ауылшаруашылығы» және «Сандық технологияларды қолдану арқылы Жерді зерттеудің қашықтан әдістері» жаңа білім бағдарламаларын оқып жүрген магистранттар келесі пәндер бойынша білім алды:

  1. «"Ақылды ауылшаруашылық" технологиялары».
  2. «Картографияның ақпараттық технологиялары».
  3. «Дәл ауылшаруашылық үшін спутниктік технологиялар».
  4. Компьютерлік және ГАЖ технологияларын қолдана отырып, әртүрлі мақсатта карталарды жасау (QGIS, ARCGIS, MAPINFO, AUTOCAD).

Дәрістік және практикалық сабақтар ағылшын тілінде жүргізілді.