Тәрбие жұмысы

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында студенттердi тәртiпке үйрету сонымен бiрге Отанды сүюге бағытталған тәрбиелiк шаралар жүргiзiледi. Осымен байланысты осы салада сәйкес болатын мамандарды шақырумен (құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық, сау өмiр сүрудi профилактика) түрлi тақырыпта кураторлық сабаттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференция ай сайын жүргiзiледi.

Кураторлық сағаттарда Қазақстан Республикасының президентiнің жыл сайынғы жолдауларына талқылау жүргiзiледi.

Студент тек ғылыми ғана емес басқа қызметтермен шұғылдануға мүмкiншiлiгi бар және университеттiң қоғамдық өмiрiне қатыса алады. Осылай, кафедраның студенттерi жарыстарға қатысып жыл сайын «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында «Студенттiк көктем», «ШҚМТУ миссі», «ШҚМТУ мистері», «Бiрiншi курс таланттары» студенттер үшiн осындай жарыстарды ұйымдастырып бағалы сыйлықтар, жүлдемен марарпаттау және мадақтау қағаздарын табыстайды.

Университет қабырғасында студенттердің бос уақыттын жақсы өткізу үшін университет құрамындағы жастардың iстерiмен айналысатын комитет жүзеге асырады.

Бiздiң студенттер 1 мамыр Халықтар достастығы күні, 9 мамырҰлы жеңіс күні, 8 науырыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз сияқты мерекелік шараларға белсендi түрде араласып өз үлестерін қосуда. Бiздiң мамандықта білімалатын студент бiрiншi курстан дәреже тағайындалуы бар бюджеттiк негiзде әскери кафедрада оқуға мүмкiншiлiгi бар.

Жыл төңірегінде студенттердің демалуын қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі және оларды эстетикалық және рухани-өнегелік жағынан дамытатын шараларға қатыстыру жұмыстары жүргізіліп отырады, жатақханада тұратын студенттер үшін әртүрлі дебаттар, әңгімелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады.

Кафедраның тәрбие үрдісі студенттердің санасы мен мінез-құлқын қоғамның, мемлекеттің, білім беру мекемесінің берілген талаптары мен нормаларына сәйкес субъекті білім беру процесін саналы түрде қабылдау негізінде қайта құру, сондай-ақ өмірдің түрлі салаларында: ғылыми, мәдени, қоғамдық, спорттық, техникалық және басқа да оң бағытталған іс-әрекеттерде өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады.

"Геодезия, жерге орналастыру және кадастр" кафедрасының студенттері ЖОО, факультет және кафедра өміріне белсенді қатысады.

2019 жылғы 13 сәуірде 18-ГТк-3 тобы жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

27 сәуір 2019 жылы кафедра ұжымы және ШҚМТУ студенттері            Д. Серікбаев «Рухани жаңғыру» паркін құруға қатысты. Әр қатысушыда өз ағашын отырғызу мүмкіндігі болды. Әр қатысушы университет аумағын көгалдандыруға өз үлестерін қосты.