Оқу үрдісіндегі әдістемелік технологиялар

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби салада жұмыс істеуін қажет ететін білім беру бағдарламаларының IT-контентін арттыру және студенттер үшін жаңа құзыреттілік қалыптастыру мақсатында әр жыл сайын семинарларға, конференцияларға және т.б қатысады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 22.06.2018 - 28.06.2018  «Geomatica 2017 бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы қашықтықтан зондтау деректерін фотограмметриялық өңдеу» бойынша «Геоматика» бағдарламалық қамтамасыз етуінің мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибе жинақтады. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеуге арналған біліктілікті жоғарылату курстарын Гео-Альянс өкілі жүргізді (Мәскеу қаласы, Ресей).