Бакалавриат

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 5B073100 Скачать жүктеу

Жоғары білім берудің халықаралық стандартына көшуге байланысты   2005 жылдан бері  кафедрада 5B073100 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бакалавриат мамандығына кредиттік жүйеде оқыту жүзеге асырылады.

Оқу мерзімі:

Күндізгі оқу түрі:

  • мектеп базасында - 4 жыл;

Сырттай жеделдетілген оқу түрі:

  • жоғары инженерлік білім базасында - 2 жыл;
  • жоғары инженерлік емес білім базасында - 2 жыл;
  • колледж базасында- 3 жыл.

Жоғары оқу орнын тамадаған түлек біліктілік және бакалавр академиялық дәрежесін алады, сонымен қатар аталған мамандық бойынша білімін магистратурада оқып жалғастыруына болады. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.

Бакалавр 6M073100 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық бағытта екі жылдық магистратурада оқуға дайын, сонымен қатар аталған мамандық бойынша профильді бағытта бір жарым жылдық магистратурада оқуға дайын. Бүгінде атаулы мамандық әр кәсіпорын мен мекеменің кез келген саласында, Шығыс Қазақстан аймағында және республика бойынша өзекті әрі қажетті мамандық болып табылады.

Магистратураны тамамдағандар  жоғары оқу орнында, мемлекеттік мекемелерде,  оқу, ғылыми жұмыста ерекше бағаланады.