ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның қызметкерлері, оқытушылық және тәрбиелік жұмыспен қатар, ғылыми қызметпен де белсене айналысады. Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы үш бағытта: шаруашылық-шарттық, мембюджеттік және ғылыми-өндірістік тақырыптамалар бойынша жүргізіледі.

Кафедрада факультеттің қоршаған ортаны қорғау және сауықтандыру ғылыми-зерттемелік зертханасының күшімен шаруашылық шарттар бойынша ғылыми зерттеулердің біршама көлемі орындалуда.

Қазіргі кезде келесі тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

  • Металл өңдеу және машина жасау өндірісіндегі уытты хром иондары мен басқа металлдардаң ағынды суларды терең тазалау үшін табиғи алюмосиликаттар мен техногенді қалдықтардың негізіндегі наноқұрылымды комплекстік сорбенттердің өңдірісінің технологиясын жасау (жет. Адрышев А.Қ.) - 30 000 000 тенге (2015 - 2017ж.ж.); 
  • Аймақтық табиғи және антропогенді жүйелердің экологиялық - ресурстық мүмкіншілігін модельдеу (Шығыс Қазақстан облысының мысалында) (жет. Егорина А.В.) - қаржыландырылмайтын мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ;
  • Пайдалы компоненттерді өндіру арқылы күшәлә, сонымен қатар басқа да техногенді минералды түзілулері бар металлургиялық өндірістің қалдықтарын қайта өңдеу технологиясындағы инновация (жет. Адрышев А.Қ.) - қаржыландырылмайтын мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ.

2012-2015 ж.ж. гранттық қаржылану аясында жүргізілген мемлекеттік бюджеттік тақырыптардағы зерттеулер аяқталды:

  • Модификацияланған табиғи сорбенттерді қолдана отырып, жеңіл, машина жасау өнеркәсіптеріндегі құрамында хромы бар ақаба суларды тазалаудың технологиясын әзірлеу (жет. Адрышев А.Қ.) – 7000 мың тенге (2012 – 2015ж.ж.);
  • Техногенез әсерінен Шығыс Қазақстан геожүйелерінің пішінсіздену дәрежесін модельдеу (жет. Егорина А.В.) – 3000 мың тенге (2012 – 2014ж.ж.);
  • Табиғи материалдар негізінде ішетін суды тазартуға арналған жаңа тұрмыстық фильтрларды жасау (жет. Петрова О.А.) – 6500 мың тенге (2011-2014 жж.);
  • Өнеркәсіпте қолдануға арналған ШҚО-ның Таган кен орнының табиғи наноқұрылымды материалдар-бентониттердің негізінде жаңа тиімді композициялық материалдарды жасау (жет. Муздыбаева Ш.А.) – 6000 мың тенге (2012-2014жж.);
  • Табиғи материалдар негізінде ішетін суды тазартуға арналған жаңа тұрмыстық фильтрларды жасау (жет. Петрова О.А.) – 2000 мың тенге («Инновация -2011» конкурсында грант, 1 орын).

Қаржыландырылмайтын мембюджетті ғылыми – зерттемелік тақырыптар (бастамалық тақырыптағы ҒЗЖ):

  • Шығыс Қазақстан алюмосиликаттары негізінде берілген сорбциялық қасиеттерге ие жаңа материалдарды әзірлеу.
  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының пәндері бойынша оқу үдерісін компьютерлендіру.

Зертхананың кадрлық қамтамасыз етілуі:

Диссертациялық жүмыстардың нәтижелері бойынша ғылыми зерттеулер (.pdf, 152Кб).

Зертхананың ғылыми қызметкерлері: т.ғ.к., аға оқытушы Ван Е.Ю., т.ғ.к., аға оқытушы Даумова Г.К., т.ғ.к., аға оқытушы Петрова О.А., аға оқытушы Денисов И.В., зертханашы Байгазинов Д.Т.

Шығыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау басқармасы Факультетаралық ғылыми-зерттеу қоршаған ортаны қорғау және сауықтандыру зертханасының әзірлемелерін конденсатор зауытында, арматур зауыты «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-да, «Өскемен – Водоканал», сондай-ақ ӨМК « Қазмырыш» ЖШС – де енгізді.



Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулер нәтижелері жарияланған баспа жұмыстарында, авторлық куәліктерде, өнертабыстарға берілген патенттерде, монографияларда және оқу құралдарында айқындалды.

Кафедраның студенттері университеттің ғылыми-техникалық конференцияларына белсене қатысады.

Кафедрада «Экос» студенттік жобалық - конструкторлық бюросы жұмыс істейді. СЖКБ жұмысының нәтижесі бойынша «Табиғи материалдар негізінде ішетін суды тазартуға арналған жаңа тұрмыстық фильтрларды жасау» тақырыбындағы инновациялық жоба техникалық кеңестен өтіп, «Бастау» бизнес-инкубаторына берілді.

Соңғы үш жылда тау-кен металлургиялық факультеті негізінде кафедраның қатысуымен үш халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізілді, онда металлургия, кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту жөнінде көкейкесті мәселелер, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық, конференцияларға белсенді қатысады: ҚХР: Синьцзянь қ., Қырғызстан Республикасы: Бішкек қ., Ресей Федерациясы: Мәскеу қ., Санкт-Петербург қ., Барнаул қ., Пенза қ., Томск қ., Қазақстан Республикасы: Қарағанды қ., Жезқазған қ., Алматы қ., Астана қ., 2010-2015 жж. тау - кен металлургиялық факультеті негізінде университетте өткізген III экологиялық форумдағы баяндамалары, және т.б.

Соңғы бірнеше жылда халықаралық, республикалық және университеттік конференциялардың материалдарында, журналдарда әзірленіп, жарияланған жұмыстардың саны 149 - тан асады (25 мақала ТМД басылымдарында, 12 - алыс шетел басылымдарында жарық көрді).

2015 жылы Мәскеу халықаралық білім салонына қатысқаны үшін география ғылымдарының докторы, ҚР ЖҒА академигі, профессор Егорина А.В. жетекшілігімен орындалған «Географиялық энциклопедия. Шығыс Қазақстан» жұмысы Ресей Жаратылыстану Академиясының дипломымен және медалімен марапатталды.


d15 d16 d17