Тәрбие жұмысы

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасымен тәрбиелік процесті жетілдіру бойынша бағытталған жұмыс жүргізіледі. Ол жер туралы ғылымдар факультетінің және кафедраның сапа аясындағы мақсаттарына жетуге бағдарланған, нақтылағанда:

  • отансүйгіштік, азаматтық және мәдени-эстетикалық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына студенттердің 100% қатысуын қамтамасыз ету;
  • күндізгі бөлімде оқитын студенттердің жалпы санының 28%-ын өзін-өзі басқару жұмысына қатыстыру жолында «Әлеуметтік мемлекетте оқитын жастардың әлеуметтік тәжірибе факторы ретінде студенттік өзін-өзі басқару» инновациялық жобасын жүзеге асыру арқылы факультет студенттерінің өзін-өзі басқару формалары мен әдістерінің дамуын жетілдіру; 
  • № 2 жатақханада бекітілген топтарда құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын белсендіру, құқықтық тәрбие мен діни жағдайларды тұрақтандыру;
  • факультеттің барлық мамандықтарының студенттері сапалы түрде жинау мақсатында, мектептер мен колледждерде, қала, облыс және басқа аймақтардың кәсіпорындарында кәсіби бағыттау жұмыстарының тиімділігін ұлғайту. 

Кафедрада қызмет атқаратын доценттер Жаманбаева М.Қ., Даумова Г.К. аға оқытушы Букунова А.Ш. қалалық және облыстық еңбекті қорғау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаментімен, облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы және СӨСҚО-ның ұйымдастырылған «дөңгелек столдарға», әртүрлі тақырыптардағы отырыстарға белсене қатысады.

Кураторлар болып келетін кафедра оқытушыларының қосымша жұмысы (Оспанова Ж.А.,  Даумова Г.К., Васильева О.Ю., Толықбаева Б.М., Жаманбаева М.Қ., Юрлов В.Л., Байгазинов Д.Т.) әлеуметтік-тәрбиелік қызметтерді атқаруға бағытталған:

  • студенттерді әлеуметтік бағытталған, қоғамдық-саяси және шығармашылық мерекелік шаралар туралы жүйелі ақпараттандыру;
  • студенттердің университеттің күнделікті қоғамдық өмірге араласуына көмектесу;
  • бірінші курс студенттерін  және  «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген студенттерге университеттік өмірге қалыптасуына көмектесу.
  • Бірыңғай кураторлық сағаттарды өткізу (1-2 курс кураторлары үшін).
  • Айына бір рет (1-2 курстар) немесе 3,4,5 курстар үшін семестрде бір сағаттан кем емес тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу.

ҚР Мемлекеттік символдарын таныту мақсатымен ұйымдастырылатын мерекелік шараларға студенттердің қатысуын топ кураторлары белсенді түрде қамтамасыз етеді.

Кафедра өзінің пәндерінде тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау негіздерін қарастыратындықтан, оқытушылар дәрістік сабақтар мен тәжірбиелік сағаттарында студенттерге еңбек қорғау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шолу жасалады. Оқытушылар сабақ барысында студенттермен тәрбиелік мақсатта моральді - бағытталған сипатта ЖОО басты сұрақтар мен қазіргі қоғамның дамуы туралы сөз қозғайды.

Кафедрадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінен келесі бағыттармен жүргізіледі: Ел Басының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру; мемлекеттік тілді дамыту, университеттің басшы жетекшілерінің БАҚ мақалаларымен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықпен күрес, экстремистік діни ағымдарға қарсы және құқық бұзушылыққа қарсы тәрбие жұмыстарын жүргізу, мәдени жалпылық іс-шараларға қатысу.

Әрдайым көрмелерге, кинотеатрларға, театрларға мәдени жорықтар, қала мұражайларына және т.б. студенттік экскурсиялар ұйымдастырылып отырады. Мысалы, классикалық концерттерге этнографиялық мұражайға, Жамбыл атындағы Облыстық Драма театрына.

Кафедрада экология саласында алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандармен қызықты кездесулер өтеді, мысалы «Эколог күні», «Еңбекті қорғау күні», «Ашық есіктер күні» сияқты іс-шараларда болашақ мамандық туралы, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тынымсыз еңбек ететін адамдармен сөйлесуге болады. Оқытушылар сабақтан тыс уақытта студеттермен геоэкология, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері, экология және тұрақты даму тақырыптарында үйірмелерде жұмыс жасайды.

Есірткімен, шылым шегумен, СПИД-пен күресуге (салауатты өмір салтына бағытталған) арналған, сонымен қатар экология мәселелеріне акциялар жүргізіледі. Бұл мәселеге өздерінің көз-қарастарын студенттер қабырға газеттерінде, плакаттарда бейнелейді. Мысалы, кафедра студенттері СПИД-ке қарсы «Ең жақсы ұран» сайысына қатысты. Факультет мамандықтары туралы факультет деканы орынбасарының, кафедра меңгерушісінің, кафедра оқытушыларының қатысуымен интерактивті сабақтар жүргізіледі.

Студенттер жазғы демалыстарын жаксы өткізу үшін университет атынан СОЛ «Простор» демалыс базасына жеңілдік арқылы жолдама алу мүмкіндігіне ие. Студенттердің жазғы демалыс күндерінде жұмыспен қамту және қосымша жұмыс істеп жалақы алу үшін құрылыстық отрядтарда және «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.Кафедра студенттері Университеттің мәдени-жиындық іс-шараларына белсенді араласады. Біздің жастарымыз бірінші курстан бастап өздерінің өте дарынды екендерін байқатады, олар «Бірінші курс дарындылары», «Студенттік көктем» сайыстарының бірнеше мәрте жүлдегерлері болып табылады. «ШҚМТУ Күні», «Студенттерге арнау» концерттік бағдарламаларында және басқа да көптеген іс-шараларға қатысады.