Оқу үрдісіндегі әдістемелік технологиялар

Кафедра 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» және 6М073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары үшін шығаратын болып саналады.

Кафедра мамандықтары бойынша студенттерді оқыту барысында тестілеу кезінде, емтихан алғанда, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізгенде, курстық жобалау және дипломдық жобалау  кезінде қолданбалы бағдарламаларды қолданумен компьютерлік технологиялар қолданылады.

Силлабустарда студенттердің есептеу-кестелік жұмыстарын, курстық жұмыстар және жобаларын орындауы, баяндамалар және рефераттарды даярлауы, пәндер бойынша әдебиеттерді оқу, емтиханға дайындалу және студенттердің ғылыми-зерттемелік жұмысы алдын-ала қарастырылған.

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына инновациялық бағыттағы пәндер енгізілген: атмосфераны қорғаудың техникасы және технологиясы, радиациялық қауіпсіздік негіздері, еңбекті қорғау, патенттану және иновациялық әрекеттің негіздері, биотехнология негіздері, қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешенді сұлбаларын жобалау, төтенше жағдайда және экологиядағы ГАЖ, ТӘҚ және ҚОҚ математикалық модельдеу, өндірістік қалдықтарды залалсыздандырудың қазіргі кездегі әдістері, энергияны үнемдеу тұрақты дамудың негізі ретінде.

Кафедраның инновациялық білім беру технологиялары әр түрлі атыраптағы танымның синтезіне бағытталған, ондағы оқытушының негізгі позициясы және    ролі – ұйымдастыру және студенттерге көмек көрсету, сонымен қатар жобалаудың және зерттеу бағытының ең негіздісін таңдау.

Кафедра оқытушыларымен жыл сайын мультимедиялық аппаратураны қолданумен көрсетуге арналған дәріс материалдары (слайд-презентациялар) әзірленеді және жаңартылып отырады, зертханалық сабақтар, дипломдық және курстық жобалар қолданбалы бағдарламаларды, сонымен қатар құрал- жабдықтарды қолданумен өткізіледі.

Өткен жыл ішінде кафедра пәндерді бойынша  күндізгі және сырттай оқу түрлеріне  оқу құралдарының, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарының, дәріс конспектілерінің  41 атаулысы әзірленіп жарияланған.

2011-2015 жылдан бастап ТӘҚжҚОҚ кафедрасында құрастырылған және баспаға шыққан әдістемелік құралдар (.pdf, 88Кб).