6B08601 - Су ресурстары және суды пайдалану

Таңдау бойынша тестілеу пәні – математика.

Бейіндеу пәні - физика.

«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы су шаруашылығы және суды пайдалану саласында жоғары білікті инновациялық-бағытталған мамандарды дайындауға арналады  және  қалыптастырды:

  • су пайдаланудың экологиялық принциптері, су ресурстарын басқару, қорғау және кешенді пайдалану, гидравлика негіздері, өзен ағынының қалыптасу заңдылықтары, өзендердің су режимі, тазалау әдістері мен тәсілдері туралы білім;
  • су тораптары мен су шаруашылығы жүйелерін, ауылдық сумен жабдықтауды, жайылымдарды суландыру және суару мелиорациясын жобалау негіздері туралы білім;
  • су шаруашылығы кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі операцияларды білу;
  • экологиялық су пайдалану саласындағы есептерді және су шаруашылығы жүйесі мен су тораптарының элементтерін жобалау бойынша есептерді (су жинау ғимараттары, желілер, сорғыш бекеттері, суды тазарту бойынша ғимараттар) орындау, суды тазарту бойынша технологияны таңдауды игеру;
  • су шаруашылығы жүйелері жұмысының негізгі пайдалану параметрлерін бағалай білу;
  • көл және өзен гидрометриясында қолданылатын негізгі гидрологиялық аспаптармен жұмыстау, құрал-саймандармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдысы;
  • су нысандарында өлшеу жұмыстарын орындау, су айдынындағы су сапасының мониторингі мақсатында судың физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтау және сынамалар алу, Майер әдісі және биотестілеу әдісі бойынша организмдер – индикаторлардың көмегімен гидробиологиялық және зертханалық талдау жүргізу дағдылары;
  • су шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда орындаушы ретінде жұмыс орнында міндеттерді практикалық шешу дағдылары.

«Су ресурстары және суды пайдалану» ББ түлектері су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі ММ – де басшы және мамандар, инженер-жобалаушы, инженер-эколог және су шаруашылығы жүйелері мен ғимараттарын пайдалану жөніндегі инженер, инженер-гидролог, инженер - гидротехник, инженер-зертханашы, техник-гидрометр қызметін атқара алады.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:

  • су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелер, кешендер, өндірістік кәсіпорындар;
  • әртүрлі мақсаттағы гидротехникалық ғимараттар;
  • мелиорацияланатын жерлер;
  • ғылыми-зерттеу, жобалау және конструкторлық мекемелер.

Осы білім беру бағдарламасының студенттерін дайындау, құрамында  2019 жылғы құрылған «Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы» базасында жүргізіледі, ол «Гидравлика», «Су ресурстарын интегралды басқару», «Сорғыштар, желілер және су дайындау», «Гидрохимия» зертханаларын қамтиды.

Халықаралық ЖОО-серіктестер:

  • Қазақстан -Неміс университеті (Алматы қаласы);
  • Тынық мұхит мемлекеттік университеті (Хабаровск қаласы);
  • Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті;
  • Новосібір мемлекеттік су транспорт академиясы.

Бітірушілер су шаруашылығының әр түрлі қалалары мен салаларында (жобалау, құрылыс, пайдалану, бақылау және қадағалау) кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Осы ББ түлектерінің соңғы 4 жылдағы жұмыс берушілердің тізімі:

Жобалау саласында:

  • «Казгипроцветмет» ЖШС;
  • «Риддер - Проект Инновация» ЖШС  (Риддер қаласы);
  • «Стройпроект-Караганда» ЖШС  (Қарағанды қаласы);
  • «Sb Technics» ЖШС (Өскемен қаласы)
  • «ВОСТОКЦВЕТМЕТ» ЖШС;
  • ҚР «Полиметалл инжиниринг» АҚ филиалы, Өскемен қаласыв
  • «Ө ТМК» АҚ.

Пайдалану саласында:

  • «Жетісу Алатау Өңірлік пайдалану басқармасы» ММ «Қазселден қорғау» филиалы ҚР ІІМ ТЖ Комитеті;
  • «Өскемен - Водоканал» ШЖҚ МКК, Өскемен қаласы.
  • «Экибастуз Водоканал» ШЖҚ МКК, Экибастуз қаласы
  • РММ «Усть-Каменогорская районная эксплуатационная часть  МО;
  • Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің   «АСТАНА СУ АРНАСЫ» ШЖҚ МКК  (Нұр-Сұлтан  қаласы);
  • ШҚО Табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының  «Шығыс Су Қоймалары» ҚМК;
  • «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС.

Су ресурстарын басқару және бақылау саласында:

  • ШҚО, ҚР Энергетика Министрлігі  «Казгидромет» филиалы ШЖҚ РМК;
  • ГУ «ШҚО табиғи ресурстарды басқару  және  табиғатты пайдалануды реттеу»   «Казводхоз» ШЖҚ  РМК филиалы;
  • «Производственно-Коммерческая Фирма «Ульба-Электро» ЖШС,
  • «Государственное научно-производственное объединение промышленной экологии «Казмеханобр» (Алматы қаласы).

1-ші және 2-ші курс студенттері үшін ізденіс және гидрологиялық (далалық) тәжірибесі Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» жазғы экспедициялық кампусында өткізіледі.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты және 5 магистр жүргізеді. Олардың ішінде 1 РФ ғылым кандидаты.

Мамандық бойынша Республикалық пәндік олимпиадаларда студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

Оқу кезінде біздің студенттер университет өміріне белсенді қатысады, сонымен қатар спорттың көптеген түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады, КТК командаларының құрамына кіреді.

Біздің студенттер грэпплинг, жекпе-жек сияқты спорт түрлерімен кәсіби түрде айналысады және Өскемен қаласының "Тигр", "Номад ММА "және" Айбын "клубтарында тұрақты қатысады.

Бітіргеннен кейін білім алушыға 6В08601 «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер ШҚМТУ-дың 7М07310 «Сумен жабдықтау және канализация» мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

2019 жылы бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыру 70% құрады.