2025 жылғы 23 сәуірде «Academic Excellence Week EKTU-2025» академиялық онкүндігі аясында мектептер арасында армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен жекелей және командалық жарыстар өтті.
Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері жарыстарға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
- Армрестлингтен 1-орынды – Глумов Артём (24-ГД-1 тобы),
- 2-орынды – Быченков Никита (24-ГД-1 тобы) иеленді.
- «ЖТҒМ командасы» тоғызқұмалақтан командалық 1-орынға ие болды.
- Шахмат жарысында 2-орын – Сайлапкеров Санжар, 24-ГТК-1 тобының студенті.